Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қыркүйек 2018
  • 08
  • :
  • 21
17:00

Алматыда бірінші түнгі велошеру өтеді12.07.2018
Спорт  20:13
Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 14-і күні алып шаһарда осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

"Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында өтетін велошерудіӊ қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары "Нұрлы Тау" бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып, спорттық шара 20:30-да бастайды.

Әуесқойлар Әл-Фараби даӊғылымен көтеріліп, Тұӊғыш Президенті саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардыӊ арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық - велосипед.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру "Спорттық Алматы" қалалық бағдарламасыныӊ қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудіӊ оныншысы болып саналады.
Просмотров: 2649

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter