12.04.2024, 13:24 41471
ҰҚК жыл басынан бері 50-ден астам арнайы операция жүргізп, 800 кг-нан астам есірткі тәркіледі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2024 жылғы бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16-ын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізуарнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.
Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тоннакөкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.
Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды.
ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізуде.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.04.2024, 09:43 7716
Запорожье мен Одессада қазақстандықтарға қоңырау шалумен айналысқан алаяқтар ұсталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады. Министрліктің қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысқан. 9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм "метадон" препараты тәркіленді.
Одесса қаласында үш алаяқтық call-орталық таратылды. Қаскөйлер жалған инвестициялық компанияларға қаржы салу сылтауымен интернет-алаяқтық жасаған. Мұнда 23 адам ұсталды. 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 автокөлік, 58 ноутбук, 52 смартфон, 100-ден астам sim-карта, сондай-ақ 200 мың АҚШ долларынан астам сомаға цифрлық активтер тәркіленді. - Қазіргі уақытта тергеу және жедел-іздестіру амалдары жалғасуда", - деді Шыңғыс Алекешев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 17:13 39701
Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді ( ҚК-тің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы).
Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген.
Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:40 41936
Шымкентте жалған полицейлер ұсталды - ІІМ
Достарға айту
Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемдер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып, "қорғауға" аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:32 42271
Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасы жойылды
Достарға айту
Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасынан.
«Х» азаматы куратордың нұсқауларын басшылыққа ала отырып, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз жасау үшін барлық қажетті компоненттер мен жабдықтарды жинап, жасырын зертхананы ұйымдастыруға жеке үй тапты.
Аталған зертханада тінту жүргізу барысында салмағы 33 кг-нан асатын психотроптық заттар, салмағы 31 кг-нан асатын химиялық сұйықтықтар, ыдыстарға оралған құрылғылар, зертханалық аспаптар және психотроптық заттардың аналогтары табылып, тәркіленді.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Х» азаматын қылмыстың құралы болып табылатын автокөлік пен жеке үй тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды азық-түлік көкнәрінің үлкен көлемде сату фактілері анықталғаны туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 12:13 43201
Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен
Достарға айту
Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметінен.
Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.
Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында "Safina" тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және "Алтын Орда" аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.
Осыған орай, Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 11:58 43536
Шығын - миллиард теңге: Астанада ҰҚТ қатысты үкім шықты
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Достарға айту
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шетелден әкелінген машиналарды заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарды.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 басшылары ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 385-бабының 2, 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", деп хабарлайды Соттың баспасөз қызметінен.
5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 385-бабының 2, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 2-бөлінің 2) тармағы, 361-бабының 2-1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 3 делдал кінәлі деп танылды және біріншісіне - 2 жыл 6 ай, екіншісіне - 1 жыл, үшіншісіне - 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
14 делдал ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 195-бабы 4- бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 5-бөлігі - 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 5-бөлігі - 385-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
4 полиция қызметкері ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабының 2-1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
3 полиция қызметкері ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 361-бабының 2-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 195-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі - 206-бабы 2-бөлігінң 2) тармағы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы қаулы етілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 18:05 51526
Алматы әуежайында есірткіге еліткен ұшқыш ұсталды
Достарға айту
Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың баспасөз қызметінен Air Astana сілтеме жасай отырып.
Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуе компанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.
Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді", - деді Air Astana.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 15:26 58676
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты - героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.04.2024, 10:23Қаржылық мониторинг агенттігінде IT-құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстармен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды 29.04.2024, 13:59 14451Қазақстанда тасқын су алқаптарды суару үшін пайдаланылатын болады29.04.2024, 16:49 12116Автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды29.04.2024, 16:54 11416Мемлекетке 40 млрд теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылды29.04.2024, 17:10 11031Бейжің қаласына рейстер саны артуда
24.04.2024, 18:17 154741Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153021Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 149981Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 128011Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі25.04.2024, 18:14 119506Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
24.04.2024, 18:17 154741Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153021Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 149981Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 128011Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі04.04.2024, 16:35 122216Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды