22.07.2011, 19:36 709

Инновациялық гранттарды алуға өтінімдер беру мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды

Инновациялық грант дегеніміз - тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және/немесе тәуекелді зерттеулерге, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға, зияткерлік меншік нысанын шетелдерде немесе халықаралық патент ұйымдарында патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға қайтарымсыз ұсынылатын қаражат.

Бүгін "Ұлттық инновациялық қор" АҚ инновациялық гранттарды ұсыну бәйгесіне, сондай-ақ, былтырғы жылдың гранттарын алғандардың қаражатты игеруіне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Ибдібеков, "ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Инуарбек Сұлтанғазин, сондай-ақ, былтырғы жылдың инновациялық гранттарының иегерлері қатысты.

Инновациялық грант дегеніміз - тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және/немесе тәуекелді зерттеулерге, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға, зияткерлік меншік нысанын шетелдерде немесе халықаралық патент ұйымдарында патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға қайтарымсыз ұсынылатын қаражат.

"ҰИҚ" АҚ бәйгеге қатысу өтініштерін биылғы жылдың 28 шілдесіне дейін қабылдайды. Гранттар ғылыми технологияларды енгізуге және пайдалануға негізделген инновацияларды дамуын ынталандыратын болады. "Қор инноваторларды инновациялық гранттарды алу бәйгесіне белсенді түрде қатысуға шақырады. Күн сайын бәйгеге дайындық және өткізу тәртібі туралы ақпарат алу үшін орталыққа 50-ден астам қоңырау келіп түседі. Былтырғы жылмен салыстыра отырып, өтініштердің басым көпшілігі соңғы аптаның ішінде келіп түседі деп күтудеміз", - деп толықтырды "ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Инуарбек Сұлтанғазин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?