11.06.2019, 19:18 8270

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағындағы көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйлерді өткізу қайта жалғасады

Жылжымайтын мүлікті таңдау және брондау http://expo.baiterek.gov.kz сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады.

Нұр-Сұлтан. 11 маусым. Kazakhstan Today - "Бәйтерек девелопмент" АҚ 2019 жылғы 15 маусымда сағат 15-00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағындағы көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйлерді өткізудің қайта жалғастырылатынын хабарлайды.

Бұрын бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушінің кінәсінен туындаған техникалық ақауларға байланысты "ЭКСПО-2017" аумағындағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға өтінімдер қабылдаудың 2019 жылғы 30 наурыздан бастап уақытша тоқтатыла тұратыны хабарланған болатын. Қазіргі уақытта "Artasoftware" компаниясы бағдарламада анықталған ақауларды жойды.

Жылжымайтын мүлікті таңдау және брондау http://expo.baiterek.gov.kz сайтында онлайн режимде жүзеге асырылады. Ыңғайлы болуы, уақыт үнемдеу және тұрғын үй брондауда проблемалар туындамас үшін әлеуетті сатып алушыларға "Digital Baiterek" бірыңғай порталында 2019 жылғы 14 маусымдағы сағат 23-00-ге дейін тіркелу ұсынылады. Жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға өтінімдер беру үшін электрондық жүйесін пайдалану жөніндегі қадамдық нұсқаулықты мұнда қарауға болады.

Әлеуетті сатып алушылар "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағындағы тұрғын үйді өз қаражаттары есебінен немесе ипотекалық қарыз тарту есебінен сатып ала алады. Бұған қоса, сатып алушылар үшін тұрғын үй құнының 20%-нан кем болмайтын бастапқы жарнасын құйып, жылдық 3%-бен 12 жыл мерзімге бөліп төлеумен пәтерді сатып алу тетігі қолжетімді болады. Тек 1 пәтерді бөліп төлеумен сатып алуға болады. Бөліп төлеу тетігі машина орындарын өткізуге қолданылмайды.

Өтініштер қабылдау Digital Baiterek бірыңғай порталы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа тетікті таңдау үшін сатып алушы "төлеу тәсілі" бағанасында "бөліп төлеуге өткізу" деп көрсету және өзінің қаржылық мүмкіндігіне қарай бастапқы жарнаның мөлшерін өз бетінше көрсетуі, сондай-ақ қажет жағдайда, өтінімде әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санатын белгілеуі қажет. Бұдан кейін сатып алушы электрондық платформа арқылы "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-де төлем қабілеттілігін бағалаудан өтуі қажет.

"ЭКСПО-2017"аумағындағы тұрғын үйдің шаршы метрінің құны сатып алудың таңдалған тәсіліне байланысты емес және 399 900 теңгені, машина орны - 735 000 теңгені құрайды. Бір бөлмелі пәтердердің алаңы 39,6-дан 51 ш.м. дейін, екі бөлмелі пәтерлер -57,1-ден 80,6 ш.м. дейін, үш бөлмелі пәтерлер -81,1-ден 106 ш.м. дейін, төрт бөлмелі пәтерлер -105-тен 123,4 ш.м. дейін өзгереді. Тұрғын үй жайлылықтың II сыныбына сай келеді және таза әрлеумен өткізіледі.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ - "Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы - "Нұрлы жер" Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алатын бірыңғай қаржы операторы. Компания Қазақстан бойынша кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны