Система Orphus

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды

11.10.2019, 12:46 2971

Маңғыстау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ақтау қаласына жұмыс сапары аясында Әбіш Кекілбайұлының аты беріліп, жаңа ғимаратқа көшкен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуір айында Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аймақ әкімдігіне музей құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі заңғар жазушының 80-жылдық мерейтойы шеңберінде пайдалануға берілді.

Жалпы, бұл кешен "Әбіш Кекілбайұлы мәдени орталығы" деп аталады. Онда Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінен бөлек, кітапхана мен облыстық музыкалық-драма театрдың ғимараты да салынады. Кешеннің құрылысы биылғы қаңтар айында басталған. Толық аяқталуы 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Оның жалпы аумағы 10,6 гектар жерді құрайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстық музейдің жаңа ғимаратын аралап көрді. Естелік кітапқа тілегін жазып, қолтаңба қалдырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны