12.12.2019, 14:48 51446

Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты - Энергетика министрлігі

Ә. Мағауов атап өткендей, 2019 жылғы қаңтар-қарашада алдын ала өндіру 82,5 млн тоннаны құрады. Бұл ретте республика бойынша 2019 жылы мұнай өндіру жоспары 89 млн тоннаны құрайды. 2019 жылдың соңына дейін мұнай өндіру жоспарын біршама асыра орындау күтілуде, яғни 90,5 млн тонна.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Әсет Мағауов Қазақстанның мұнай саласының дамуы туралы баяндай отырып, 2019 жылдың 11 айында мұнай өнімдері өндірісінің көлемі біршама артқанын атап өтті.

Барлық мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуы аяқталды. Мәселен, 2018 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты, 2017 жылы Атырау және Павлодар МӨЗ-дері жаңғыртылды.

2019 жылға мұнай өңдеу жоспары - 17 млн тонна. Ол асыра орындалады деп күтілуде. Жыл соңында күтілетін өңдеу - 17,169, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 4,7%-ға артық.

2019 жылғы 11 айда мұнай өнімдерін өндіру көлемі өңдеудің артуына және МӨЗ-дердің жаңғыртылуының аяқталуына орай біршама артты.

Мәселен, 2019 жылдың 11 айында мұнай өнімдерін өндіру көлемі құрады:

oавтобензин - 4 078,9 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 114,2%);

oавиакеросин - 577,2 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 170,4%);

oдизель отыны - 4 446,5 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 107,9%);

oмазут - 2 496,1 мың тонна (2018 жылғы ұқсас кезеңге 97,6%).

"Жалпы, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты", - деді Ә. Мағауов.

Сонымен қатар, вице-министр болашақта еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз еткен соң еркін көлемдер болған жағдайда жоғары октанды қазақстандық бензин экспортының көлемін ұлғайту жоспарланып отырғанын хабарлады.

Бұл ретте, шекаралас облыстардан мұнай өнімдерінің санкцияланбаған ағымын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі қаржы, ішкі істер министрліктерімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрықты бекітті.

"Бізде бензиннің артық қоры болғандықтан, біз биыл шілде айынан бастап көршілес елдерге экспортты бастадық. Жазғы кезеңде бізде айына 8-10 мың тонна жұмсалатын. Әрине, біз мөлшері бұдан көп болады деп күттік, 50 тоннадан 80 тоннаға дейін деп бағамдадық. Бірақ, өкінішке орай, шекаралас елдерге ағымы бұл көлемдерді "шайып" жіберіп, Министрлік мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. Қараша айында біз бензин қалдығының көп екенін көріп отырмыз", - деп түсіндірді вице-министр.

Осылайша, алдын-ала мәліметтер бойынша, қараша айына жанармай экспорты 80 мың тоннаны құрайды. Желтоқсанда бензин қалдығының бұдан да көп қорының қалатыны болжанып отыр, демек, экспорттың желтоқсандағы көлемі 100 мың тоннаға жуық болуы тиіс. Бұл Қазақстан Республикасының бюджетіне экспорттық кеден салығы түріндегі салық түсімдерін арттырады. Жанармайдың әр тоннасынан бюджетке экспорттық кеден салығы ретінде $50-55 жуық қаржы түседі.

2019 жылы мұнай өндіру жоспары асыра орындалады - Энергетика министрлігі

ҚР Үкіметінің басапасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанның мұнай саласының дамуы туралы айтып берді.

Ә. Мағауов атап өткендей, 2019 жылғы қаңтар-қарашада алдын ала өндіру 82,5 млн тоннаны құрады. Бұл ретте республика бойынша 2019 жылы мұнай өндіру жоспары 89 млн тоннаны құрайды. 2019 жылдың соңына дейін мұнай өндіру жоспарын біршама асыра орындау күтілуде, яғни 90,5 млн тонна.

"Негізгі өндіріс үш ірі жобаның үлесінде. Мұнай өндірудің 60%-ын Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындары қамтамасыз етеді. 2019 жылы 3 ірі жобада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, өндіру тұрақты", - деді Ә. Мағауов.

Күрделі жөндеу аяқталған соң Қашаған кен орнында мұнай өндіру тәулігіне 370 мың баррельге жетті.

Теңіз кен орындарын келешекте кеңейту және Қашаған кен орнында газды кері айдау қуаттарын кеңейту жобалары есебінен 2023 жылдан бастап өндіру көлемін 100 млн тоннаға арттыру болжануда. Қалған компаниялар бойынша мұнай өндірудің табиғи төмендеуі болжануда. Негізгі кен орындарында өндірістің кешеуілдеуіне байланысты Қызылорда облысының кен орындарында мұнай өндірудің төмендеуі күтіледі.

"Жалпы, алдағы 2-3 жылда біз мұнай өндіру көлемін жылына 90 млн тонна деңгейінде ұстап тұратын боламыз", - деді Ә. Мағауов.

Вице-министр маңызды инвестициялық жобалар құрылысы: ұңғыма сағасының қысымын басқару, Қарашығанақты кеңейту және Қашаған кен орнының Шығыс бөлігін одан әрі игеру қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Ұңғыма сағасының қысымын кеңейту/басқару жобасының жалпы құны $36,8 млрд көлемінде бағаланып отыр. Жалпы орындау жоспары бойынша ілгерілеу қазірдің өзінде 72% құрайды. $28,5 млрд-қа жуық қаржы игерілді. Жобаны кесте бойынша аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, қазіргі өндіру көлемін Қашаған кен орнында $11,5 млн тонна деңгейінде ұстау бойынша ауқымды жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы салымдар $3 млрд мөлшерінде бағаланып отыр.

Қашаған кен орнын одан әрі кеңейту бойынша серіктестер кен орнының Шығыс бөлігін толыққанды игеру тұжырымдамасын әзірлеуде. 2020 жылы Энергетика министрлігінде кен орнының осы бөлігін игеру бойынша алғашқы тұжырымдама ұсынылады деп күтілуде.

Ірі мұнай өндіру зауыттарында қазір мұнай өндірісі жоғары деңгейде - ҚР ЭМ

Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай өндіру бойынша негізгі кен орындары, олардың үлесіне өндірілетін барлық мұнай көлемінің 60%-ы тиесілі. Қашағанда 3 желтоқсандағы жағдай бойынша тәуліктік мұнай өндіру 37 891 тоннаны құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.

Оның айтуынша, Қашағанда жоспардан тыс жұмыстар жалғасуда, жуырда бұл жұмыстар аяқталады деп күтіліп отыр. Қазіргі мұнай өндірісі жоғары деңгейде. Тәулігіне 37 900 тоннаға жуық мұнай өндірілуде.

Бұдан әрі Теңіздегі болашақ кеңейту жобасын аяқтау көзделген, бұл 2023 жылдың өзінде 100 млн тоннаға жуық мұнай өндірудің тұрақты деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

"Болашақ кеңейту жобасы белсенді фазасында, жобаның жалпы құны $36,8 млрд деп бағаланып отыр. Біз жоба кесте бойынша аяқталады деп күтіп отырмыз. Сонымен қатар, 11,5 млн тонна деңгейіндегі мұнай өндіру көлемінің ағымдағы жоспарын қолдау бойынша үлкен жоба Қарашығанақ кен орнына қатысты, бұл жоба да сәтті іске асырылып жатыр, жалпы салымдар $3 млрд көлемінде бағалануда", - деді энергетика вице-министрі.

Ә. Мағауов сонымен қатар жанармай бағасы мен мұнай өнімдері нарығындағы бағаны реттеу туралы мәселеге түсінік берді. Оның айтуынша, Қазақстан жанар-жағармай станциялары болып табылатын түпкі өткізушілер мен бензиннің көтерме көлемін жеткізушілер және өндірушілер арасында ашық өзара қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.

"Соңғы екі жылда бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейді. Тапшылық кезінде бағасы өте жоғары болды, Өткен жылы және осы жылдың басында біз бензиннің мол қорын байқадық, сондықтан бағасы да түсті. Егер қазіргі бағаларды өткен жылдың кезеңіндегі бағалармен салыстыратын болсақ, біз оның төмендегенін көреміз. Біз мұнай өнімдері нарығында транспарентті қарым-қатынастар орнату үшін жұмыс істеудеміз, өйткені, түпкі тұтынушы бұл көлемдерді делдалдарсыз алуы керек", - деді вице-министр.

Ә. Мағауов атап өткендей, нарық тетігі мұнай өнімдерінің құнын қандай да бір сыртқы факторларсыз реттейді.

"Егер мысалы, авиакеросинді алсақ, өткен жылы біз ресейлік нарыққа тәуелді болған кезімізде авиакеросиннің 60%-ға жуығы Қазақстанға әкелінді, біз РФ экспортының бағасы деңгейіне бағдарландық. Тиісінше, авиакеросин бағасы бір тоннасы үшін $700 дейін жетті. Біз өзімізге қажетті көлемді қамтамасыз ете алған сәттен бастап нарықта жағдай тұрақталды, биыл оның бағасы бір тоннасы үшін $550-560 дейін төмендеді. Қазіргі нарық тетігі нарықтағы қажеттіліктермен және сұраныстармен сай келетін барабар бағаны қоюға мүмкіндік береді", - деді вице-министр.

Министрлік экспорт көлемін реттеп, ішкі нарықта оның тапшылығы мен молдығына жол бермеуге тырысады. Қараша айында 80 мың тонна бензин экспортталса, желтоқсан айында 100 мың тоннасын экспорттау жоспарланған.

Сонымен қатар, Ә. Мағауов атап өткендей, басқа учаскелерде мұнай өндіруді ынталандыруға зор көңіл бөлінеді.

Саланың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және ресурстық базаны толтыру үшін заңнамалық реформалар жүргізіліп, жаңа Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданды.

"Үлкен салықтық ынталандырулар ұсынылды. Бірінші кезекте бұл теңіз және тым терең кен орындарына қатысты. Мұнда жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізу мүмкіндігі ұсынылған. Яғни, жер қойнауын пайдаланушылардың рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, асыра түскен табысқа салынатын салық тәрізді ағымдағы салығының орнына жер қойнауын пайдаланушы табысына салынатын салықтың көтерілген мөлшерлемесін төлеуді таңдай алады", - деді вице-министр.

Ә. Мағауовтың айтуынша, бұл шара теңіз жобалары мен құрлықтағы геологиялық барлау жұмыстарына деген қызығушылықтың артуына әкелді.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға құрлықта геологиялық барлау жұмыстары сәтсіз жүргізілген жағдайда шығындарды өздерінің кен өндіру келісімшарттары бойынша есептен шығаруға жатқызу мүмкіндігі берілген, бұл олар үшін зор ынталандыру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны