06.02.2020, 11:16 8650

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейді

Сүйемелдеу құқықтық кеңестерді, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етуді, НҚА жетілдіруді қамтиды.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Өскемен қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин облыстық "Алтай" телеарнасына берген сұхбаты барысында аймақ тұрғындарына кәсіпкерлер мен инвесторларды қорғау жобасы жөнінде әңгімеледі.

"PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENT" жобасы - кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі. Мұндағы басты мақсат - қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырып, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру.

Жоба шеңберінде кәсіпкерлерді және инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері толық сүйемелдейді. Сүйемелдеу құқықтық кеңестерді, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етуді, НҚА жетілдіруді қамтиды.

Негізгі бағыттар - кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауатын ашу.

Департамент барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнес-қоғамдастықты және инвесторларды олардың кез-келген "қысымынан" қорғауға ықпал етеді.

"Бизнесті және инвестицияларды қорғау" жобасын іске асыру басталғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы 28 келісім жасалды. Сондай-ақ, 21 кәсіпкер мен инвесторлардың құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді.

Егер сіз әкімшілік кедергілер мен мемлекеттік органдар тарапынан қысым көрсеңіз, Лихарева көшесі, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан Антикор орталығының "Protecting Business and Investments" фронт-кеңсесіне хабарлассаңыздар болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны