26.04.2024, 13:42 106741

Алматыда жаңа жағалау салынуда

Алматыда жаңа жағалау салынуда
Сурет: gov.kz

Қарғалы" жобасы: Алматыда өзен жағасында ыңғайлы демалыс аймағы пайда болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Алматы қаласының Наурызбай ауданында "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында 7,7 шақырымға созылып жатқан "Қарғалы" өзенінің жағалауы қайта жаңғыртылуда.

Естеріңізге сала кетейік, науқанның үшінші аптасы "Біздің қала - біздің таулар, өзендер мен көлдер" ұраны аясында өтуде. Апта ішінде жағалаулар мен су айдындары, саябақтар, скверлер мен тау бөктері тазартылады.

Қарғалы жобасының мақсаты - бұл аймақтың экожүйесін сақтай отырып, қала тұрғындарының демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасау.

Мұнда өзен арнасын тазартып, серуендеу аймағын құру жоспарланған. 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Сондай-ақ көпжылдық гүлдер мен шөптердің гүлзары, қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар мен бұталар егіледі. Жалпы ұзындығы 2,7 шақырымға жететін суармалы су құбыры тартылады.

Ұзындығы 4,3 шақырым болатын 196 жарық бағанасы орнатылады. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен қоқыс жәшігіне қою жоспарда бар.

Жобаның маңызды бөлігі сол, балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары мен өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Әткеншек, сырғанақ және өрмелеу сияқты ашық ойын элементтері балалардың моторикасы мен физикалық белсенділігін арттырады. Балаларға арналған құмсалғыштар мен су аймақтарын, сондай-ақ ата-аналарға арналған орындықтары мен үстелдері бар демалыс аймағын құру жоспарлануда.

Түрлі ерекшелігі бар балалар үшін де ойын алаңдарында инклюзивті элементтер қойылатындығын атап өткен жөн.

Көпір жолын қайта құрып, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге қауіпсіздік пен қолжетімділік қамтамасыз етілмек. Тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату қарастырылған.

Бұл жоба "Қарғалы" өзенінің жағалауын қала шетіндегі бірегей табиғи саябаққа айналдырады. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қараша айына дейін аяқтау жоспарда бар.

Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны туралы барлық ақпарат https://www.almaty.kz/ сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.


Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:

#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны