16.06.2026, 12:05 646

Елімізде тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін ірі кәсіпорын салыну жоспарлануда

Елімізде тәулігіне 1 миллион жұмыртқаны терең өңдейтін ірі кәсіпорын салыну жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
Ақмола облысында тауық жұмыртқасын терең өңдеуге арналған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. "Kaz Eggs" серіктестігі бастамасымен жүзеге асырлатын болашақ өндірістік кешеннің қуаттылығы тәулігіне 1 миллион жұмыртқа деп есептелуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында орналасады. Жалпы инвестиция көлемі 30 млрд теңге.

Келер жылдың IV тоқсанына жоспарланған жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам және қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыруға жол ашады.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі басым бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бағытын тұрақты дамыту.

Осы ретте министрлік заманауи өндірістерді құруға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға арналған инвестициялық жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны