16.06.2026, 10:39 371

"Азық-түлік көкнәрі" деген желеумен есірткі сатқандар сотталды

Павлодар қаласында есірткі құралдарының заңсыз айналымы және қылмыстық кірістерді заңдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Тергеп-тексеруді ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізді.

З.Ф. Алекперовтің есірткі заттары қосылған көкнәр тұқымдарын азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз өткізуді ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық схемаға күдіктінің жақын туыстары да қатысқан. Олардың арасында жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері бөлінген. Өнімдер басқа өңірден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп отырған. Сату көкнәр тұқымы мен дәмдеуіштер ретінде жүзеге асырылған.

Тінту барысында есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарының буып-түйілген партиялары тәркіленді. Қаражат қолма-қол ақша түрінде де, банк аударымдары арқылы да қабылданған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы екі автокөлік сатып алып, оларды жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. Сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар 321 келі көкнәр тұқымы жойылды. Үкім заңды күшіне енді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны