Система Orphus

Шымкентте "Шымкент сушар" МКК-ы, "Оңтүстік Энергосервис" МКК-ы және "Қазыгурт жолы" ЖШС-ның тарифтері төмендетілді

02.04.2020, 12:51 3133

Алматы.2 сәуір. Kazakhstan Today - Шымкентте "Шымкент сушар" МКК-ы, "Оңтүстік Энергосервис" МКК-ы және "Қазыгурт жолы" ЖШС-ның тарифтері төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифтердің қолдануы мерзімдері аяқталуына байланысты, Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 15 бабының 3-тармағына сәйкес келесі табиғи монополиялар субъектілеріне 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап тарифтер төмендетті:

1) "Шымкент сушар" МКК-на суды каналдар арқылы беру қызметіне тариф 449,48 теңгеден/1000 м3 376,59 тенгеге/1000 м3 немесе 16,2%-ға төмендетілді;

2) "Оңтүстік Энергосервис" МКК-на электр энергиясын беру қызметіне тариф 3,16 теңгеден/кВтсағаттан 1,81 теңгеге/кВтсағ. немесе 42,7%-ға төмендетілді;

3) "Қазыгурт жолы" ЖШС-не бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф 181,23 теңгеден/ваг.км-ден 164,88 теңгеге/ваг.км немесе 9%-ға және маневр жұмыстарына тариф 5056,64 теңгеден/ваг.сағ-тан 4600,43 теңгеге/ваг.-сағ. немесе 9%-ға төмендетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны