19.11.2020, 19:59 11213

Мүгедек-жұмыскерлердің кірістеріне салық салу бойынша

Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, стандартты салықтық шегерімдері, оның ішінде, осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның I, II немесе III топтардағы мүгедек болып табылатындығы негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері болып табылады.

Алматы. 19 қараша. Kazakhstan Today - Мүгедек-жұмыскерлердің кірістеріне салық салу бойынша

Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, стандартты салықтық шегерімдері, оның ішінде, осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның I, II немесе III топтардағы мүгедек болып табылатындығы негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері болып табылады.

Міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімін және Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімін қоспағанда,салық агенті салықтық шегерімдерді төлем көзінен келесі құжаттар негізінде қолданады:

1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;

2) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі. Мұндай көшірмелер салық агентінде Салық кодексінің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады (Салық кодексінің 343-бабының 1-тармағы).

Салық кодексінің 353-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

жұмыскердің салықтық кезеңге есептелген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,

алу (минус)

Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі түзету сомасы,

алу (минус)

Салық кодексінің 342-бабында көрсетілген тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы (оның ішінде жоғарыда көрсетілген стандартты шегерімдер).

Бұл ретте, егер осылайша айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салықтықшегерімдердің асып кетуі деп танылады және осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегіндегі кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылады (Салық кодексінің 353-бабының 7-тармағы).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны