19.01.2021, 17:58 6713

Ұлттық Банкте желтоқсан айында азық-түлік бағасының өсуі түсіндірілді

2020 жылғы желтоқсанда жылдық азық-түлік инфляциясы 11,3%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік бағасының күрт өсуі өсімдік майының, қанттың, сондай-ақ көкөністер мен жұмыртқаның қымбаттауына байланысты болды.
Нұр-Сұлтан. 19 қаңтар. Kazakhstan Today - 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстандағы жылдық инфляция 7,5%-дықұрады. Бағаның өсуінеазық-түлік тауарларының қымбаттауы негізгі үлес қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Азық-түлік бағасының өсуі жекелеген азық-түлік нарықтарындағы ішкі ұсыныстың төмендеуіне, сондай-ақ азық-түліктің әлемдік бағасының өсуінің жалғасуына байланысты жеделдеді", - деп хабарлады ҚҰБ баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы желтоқсанда жылдық азық-түлік инфляциясы 11,3%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік бағасының күрт өсуі өсімдік майының, қанттың, сондай-ақ көкөністер мен жұмыртқаның қымбаттауына байланысты болды.
 

Желтоқсан айында өсімдік майы бағасының айлық өсуі біршама баяулады, алайда әлемдік нарықтардағы бағаның тұрақты өсуі және өткен жылдың төмен базасы аясында инфляцияға бағаның өсу үлесі айтарлықтай өсті. Ұксас тенденциялар қант нарығында байқалды, ал әлемдік нарықтағы бағаның өсуі мен Ресейде желтоқсанда әлсірей бастады", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
Сонымен қатар, Ұлттық Банктің бағалауы бойынша, астық қорларын толықтыру және ауыл шаруашылығы өндірушілері бағасының неғұрлым ұстамды өсуі жағдайында нан-тоқаш өнімдері мен жармаларға, ет өнімдеріне бағаның өсу қарқынының соңғы айларда байқалып отырған баяулауы жалғасты. Аталған топтардың құрылымында соңғы 12 айда дефляциялық динамика күріш (-1,7%) және құс етіне (-0,2%) тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны