13.03.2020, 13:41 3574

Нұр-Сұлтан қаласында ХЖҚО 2020 жылы халықты жұмыспен қамту бойынша міндеттері талқыланды

Жұмыспен қамту басқармалары мен орталықтары (жастар, табысы аз адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және т.б.) жұмысқа орналастырудың барлық шаралары аясында нысаналы топтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жиынтық индикаторларды әзірлеуі тиіс.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында ХЖҚО 2020 жылы халықты жұмыспен қамту бойынша міндеттері талқыланды.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі - ЕРДО) базасында барлық өңірлердің халықты жұмыспен қамту басқармалары мен орталықтарының (бұдан әрі - ХЖҚО) өкілдерімен кеңес өтті, оның шеңберінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша шаралар талқыланды.

ЕРДО президенті Тамара Дүйсенованың төрағалығымен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды талқылау бойынша селекторлық режимде кеңес өтті. Өз сөзінде ол Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеу қажеттілігі, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастыруды жандандыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадрларға қысқа мерзімді қажеттілігін ескере отырып оқытуды ұйымдастыру мәселесін көтерді.

"Жұмыс берушілердің қажеттілігін анықтау кезінде электрондық еңбек биржасының деректері пайдаланылды. 2018 жылы жұмыс берушілер биржада орналастырған бос орындар саны 711,3 мың, 2019 жылы - 848,9 мың болды. Егер осындай үрдіс сақталса, сарапшылардың есептеуі бойынша 1 млн-нан астам бос жұмыс орны болады деп күтілуде", - деді Тамара Дүйсенова.

Кадрларға деген қажеттіліктің қысқа мерзімді болжамы өңірлер бөлінісінде де, жалпы республика бойынша да Қазақстандағы жоғары сұранысқа ие 25 мамандық туралы деректерден тұрады. ЕРДО Президенті деректер жаңартылып электрондық еңбек биржасында талдау бөлімінде тоқсан сайын орналастырылатын болады деп атап өтті.

"Жұмыспен қамту орталықтары ЭЕБ деректерін негізге ала отырып, жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушыларды қысқа мерзімді оқытуға немесе нақты жұмыс орындарына жібере алады. Сондықтан жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілермен тікелей жұмыс істеп, одан әрі жұмысқа орналастыра отырып, кадрлар даярлауға немесе жастар практикасын өткізуге немесе жоғары оқу орындары мен ТжКБ түлектері үшін тұрақты жұмыс орындарын ашуға алдын ала келісімдер жасауы қажет", - деп түйіндеді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, талқылау барысында жұмысқа орналасуына көмек қажет болуы мүмкін адамдарды, яғни жұмыссыздарды, бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, үй шаруасындағы әйелдерді және т. б. жұмыспен қамту жөніндегі жол картасын әзірлеу қажеттілігі айтылды.

Жұмыспен қамту басқармалары мен орталықтары (жастар, табысы аз адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және т.б.) жұмысқа орналастырудың барлық шаралары аясында нысаналы топтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жиынтық индикаторларды әзірлеуі тиіс.

Бұдан басқа, ЕРДО Президенті ЕРДО-ны трансформациялау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол үшін Тамара Дүйсенова 17 тірек орталығын (әрбір өңірде біреуден) анықтауды ұсынды, олардың базасында пилоттық режимде жұмыссыздарды тіркеу тетіктері, проактивті форматта жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жіберу апробацияланады (сынақтан өткізіледі), яғни бұл қызметтер электрондық түрде көрсетілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны