23.07.2015, 09:48 6343

"100 нақты қадам" ұлттық жоспар шеӊберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту бағытын жүзеге асыруда.

Негізгі міндет - үш жыл ішінде ТМД елдерініӊ нарығына өндірілген өнімніӊ жартысына дейін экспортқа шығару

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Негізгі міндет - үш жыл ішінде ТМД елдерініӊ нарығына өндірілген өнімніӊ жартысына дейін экспортқа шығару, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2014 ж. қорытындысы бойынша Қазақстанда 5,0 млн. тоннадан астам сүт өндірілді (оныӊ ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда - 82%, ауыл шаруашылығы құрылымдарында - 18%). Мұнымен, сүтті қайта өӊдеу үлесі жалпы өндіріс көлемініӊ 40%-ын құрайды. Мұнымен, сүт нарығында ірі қайта өӊдеушілер қатарына екі трансұлттық компания кіреді: Danon (қуаттылығы жылына 15 мыӊ тонна сүтті қайта өндеу) және Lactalis (Алматы, Павлодар және Оӊтүстік Қазақстан облыстарында қуаттылығы жылына 172 мыӊ тонна 3 сүт өндіруші зауыттар).

Республика бойынша 3,5 млн. тонна қуаттылығымен барлығы 183 қайта өндеуші кәсіпорын бар, оныӊ ішінде 66% жаӊғыртылған. Қолданыстағы қайта өндеуші кәсіпорындардыӊ қуаттылықтары қосымша 1 млн. тоннадан астам сүтті өндеуге мүмкіндік береді. Ішкі тұтыну көлемдері жыл сайын 6%-ға артуда.

Сүт өндеу қуаттылықтарыныӊ толық жүктелмеу себебі сапалы шикізат сүт көлемініӊ жетіспеушілігі болып табылады.

Осы ретте, сүт өндіру және өндеуді халықаралық компаниялар тәжірибесіне сүйеніп кооперацияларды дамыту арқылы ұлғайту көзделіп отыр. Осы бағыттағы жұмыс жаӊа зеландиялық FONTERRA және ARLA дат компанияларыныӊ үлгісімен, ауылдық жерлерде кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жүргізілетін болады. Жаӊа фермерлік шаруашылықтар мен өнеркәсіптік сүтті-тауарлы фермаларды құру жоспарланып отыр. Бұл ұйымдастырылған шаруашылықтарда тауарлы сүт өндірісін 2020 жылға дейін 500 мыӊ тоннаға, 2025 жылға дейін 1 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін "Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы" заӊды қабылдау қажет. Заӊныӊ шеӊберінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ мәртебесінен, яғни коммерциялық емес дәрежеден коммерциялыққа өту ұсынылады. Бұл кооперацияныӊ кірісін кооперативте жинақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жеке меншіктіӊ барлық нысандарына қатысуға мүмкіндік беретін өндірістік кооперативтіӊ ұйымдастырушы - құқықтық нысанындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, асыл тұқымдық істіӊ жүйесін қайта реттеу бөлімінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және дайындаушы ұйымдар үшін ҚҚС қайтару мерзімін 1 жылдан 1 тоқсанға дейін қысқарту және кооперативтермен арнайы салықтық режимді қолдануда ауыл шаруашылығы жерлерініӊ болуы жөніндегі шектеуді алу бөлімінде "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" ҚР заӊдарыныӊ жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Жетекші технологиялардыӊ тәжірибесін қолдану үшін АӨК субъектілері ғылыми зерттемелер негізінде оқытылатын болады. Сүт өндірісін өндеуге және қайта өндеуге жаӊа технологияларды енгізу бойынша ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізуге мемлекеттік сатып алу көлемдері көбейтілетін болады.

Мұнымен, қайта өндеуші кәсіпорындардыӊ қуаттылығыныӊ деӊгейін 70%-ға дейін арттыру және тұтынудағы сүт импортыныӊ үлесін 28% дан 18%-дейін төмендету күтілуде.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны