16.05.2016, 20:50 10902

10 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттердіӊ онлайн-сатылымы басталады - А.Есімов

2016 жылдыӊ 10 маусымында ҚР-да ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттердіӊ онлайн-сатылымы басталады, деп мәлімдеді бүгін Қоғамдық кеӊестіӊ отырысында "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 10 маусымында ҚР-да ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттердіӊ онлайн-сатылымы басталады, деп мәлімдеді бүгін Қоғамдық кеӊестіӊ отырысында "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Онлайн сатылым 10 маусымда басталады", - деді А.Есімов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, компания басшысы көрмеге келу бағасы қазақстандықтар үшін барынша қолжетімді болатынын айтып өтті.

"Халықаралық көрмелер бюросымен жүргізген келіссөздер барысында билеттерге төменгі бағаны белгілеуге мүмкін болды. Осы ретте көрмеге баруға Қазақстан азаматтары үшін барынша жеӊілдіктер ескеріліп отыр. Қазіргі кезде көрмеге кіру құны кино билетініӊ бағасынан біршама қымбаттау болатынын айта аламын", - деді ол.

А.Есімов бүгінгі таӊда 84 ел және 14 халықаралық ұйымныӊ көрмеге қатысатынын растағанын айтып өтті.

"Жалпы тіркеу құжатына сәйкес кем дегенде 100 елді тарту қажет. 100 елге қатысты ешқандай күмәніміз жоқ. 84 және қосымша 20 дамушы ел - олар жеке бағдарлама бойынша. Көрмеде 100 ел қатысатынына еш күмәніміз жоқ", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны