Қазақстанның 11 өңірінде табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтықтарын алды
Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның 11 өңірінде табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтықтарын алды.
Қазақстанда табысы аз отбасыларының балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі - КБӘТ) беру жалғасуда. Республиканың 11 өңірінің 85 ауданында алушыларға азық-түлік жиынтығы берілді. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Павлодар қалалары бар.
Алушылардың жалпы саны 9,6 мың отбасындағы 17,6 мың баланы құрады. Жалпы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алатын табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 64 мың баланы қамту жоспарлануда.
Қарағанды облысының тұрғыны, 4 баланың анасы Мадина Айнашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әлеуметтік топтама ұсыну мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау болып табылады.
"Мен қазір үйдемін, сондықтан кепілдік берілген әлеуметтік топтама түріндегі әлеуметтік қолдау - елеулі көмек. Азық-түлік жиынтықтарына өте ризамын, өте жақсы іріктелген, дәруменге бай. Әлеуметтік топтамада түрлі өнімдер көп, бұл қуантады. Балалардың сұранысын орындауға бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейді, ал жиынтықтарда бал, печенье, таңғы ас бар. Отбасында күйеуім ғана жұмыс істейді, жалақысы аз. Үлкен балалар жазғы демалыста болған кезде мен жұмыспен қамту орталығы арқылы курьер болып жұмыс істедім. Енді мен жұмыс істей алмаймын, өйткені кенже қызым 3 жаста. Жақында біз оны балабақшаға беруді жоспарлап отырмыз, сонда жұмысқа тұруға болады. Қазір көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрамыз", - деді Мәдина Айнашева.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында АӘК тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ету мақсатында түзетуге тапсырма берген болатын. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кешенді түрде жүзеге асырылады және оған: көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама кіреді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КБӘТ азық-түлік жиынтығын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру шығындарын өтейтін болады.
Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін, бірақ әлеуметтік топтаманың құрамы өңірге қарамастан бірдей. Жиын құрамы физиологиялық ерекшеліктерді, азық-түліктің тағамдық және энергетикалық құндылығының арақатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде құрылған. Өнімдер дәруменге бай, бұл өсіп келе жатқан организмдегі дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді.
1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтық сүт, печенье, ботқа, үлпек және балалар пюресі. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығы сүттен, макароннан, сұлы үлпектерінен, күнбағыс майынан, гематогеннен, таңғы асқа арналған сүт жастықтарынан, балалар печеньесінен, арпа, қарақұмық жармасынан, бұршақ пен балдан тұрады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия тауарларының жиынтығына тіс пастасы, щетка, крем-сабын, сабын, сусабын, ұнтақ және крем кіреді. Табысы аз отбасының әрбір баласына осы жиынтық тоқсан сайын берілетін болады.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар сала: ӨҚМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуге кіріседі
Жеңіл өнеркәсіп біз үшін халықты жұмыспен қамту тұрғысынан өте маңызды. Мысалы, Түркістан облысында, еліміздің ең көп қоныстанған облысында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ең көп саны бар. Олардың одан әрі дамуымен жергілікті халықты жұмыс орындарымен және лайықты жалақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнеспен бірлесіп, жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеуді бастауы қажет. Құжатта базалық кәсіпорындар, олардың ағымдағы көрсеткіштері мен мақсатты бағдарлары анықталуы керек. Қарсы міндеттемелер, ең алдымен, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және өндірісті ұлғайту", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: 34 жоба жүзеге асыру сатысында
Бәйтерек" холдингі мыңнан астам өтінімді қарады. Екінші кезеңде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 144 жоба келісілді. Оның ішінде 89-ы - Қазақстанның даму банкі мен екінші деңгейлі банктер арқылы тікелей кредиттеу тетігі бойынша, 55-і - Қазақстандық тұрғын үй компаниясы арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу тетігі бойынша мақұлданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жедел штаб отырысында тыңайтқыштар мен көктемгі егіс жұмыстарына арналған жеңілдетілген дизель отынын жеткізу мәселелері қаралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі $5,5 млрд-қа 15 жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан жаңа жобаларға қажет 19 млн тонна көмірді өндіріс қуатын арттыру арқылы қамтамасыз етеді
Шұбаркөл Көмір" АҚ-та өндірісті ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Компания 2026 жылы көмір өндіру көлемін 16,1 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді. 2026-2032 жылдарға арналған инвестициялық стратегия аясында 95,5 млрд теңге техникалық қайта жарақтандыруға және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталады. Жоспарда ЦТАК-2 (циклді-толассыз аршу кешені) құрылысының екінші кезеңін іске асыру, 49,4 млрд теңгеге жабдықтар паркін жаңарту, сондай-ақ Hovermap жүйесін және роботтандырылған автоаударғыштарды (самосвал) енгізу қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-қа қатысты
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында химия өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
02.04.2026, 10:06"Әлем тірі": Алматы аспанындағы тырналардың ұшуы жұртты толқытты
26.03.2026, 20:42 174916Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 19:28 174651Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 174576Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 174496Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 173166Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
17.03.2026, 17:12 248301Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 248076Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 247816Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді04.03.2026, 10:54 239421Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады16.03.2026, 16:56 235486Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді

