27.03.2026, 09:58 3456

Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті

Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сұхбат барысында Е.Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны