26.10.2022, 15:12 21916
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16%-ға дейін көтерді
Достарға айту
Астана. 26 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады.
Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті. Шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық күтулер, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығасыларының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды", - делінген хабарламада.
Базалық мөлшерлемені арттыру экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігіне қолдау көрсетіп, ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып, 1-2 жылдық кідіріспен әсер етеді.
2022 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция болжанған көрсеткіштен айтарлықтай ауытқып, 17,7% құрады. Инфляцияның барлық құрамдас бөліктері бойынша бағаның орнықты өсуі байқалады. Тұтыну бағаларының маусымдық сипатты есептемегендегі шілде айында өсуі баяулағаннан кейін ол соңғы айларда айтарлықтай жеделдеді. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 26,8% (2022 жылғы шілдеде – 17,7%) болды. Базалық инфляция жылдық мәнде 19,7%-ға жетіп, жоғары деңгейде қалыптасуда. Бұл экономикада ұзаққа созылған жоғары инфляциялық аяны қалыптастыру тәуекелін көрсетеді", - делінген хабарламада.
Халық тарапынан бағаның болашақтағы өсуін бағалау көбінесе азық-түлік өнімдері бағасының күтілетін өзгеруіне, сыртқы оқиғаларға және айырбастау бағамының өзгерістеріне байланысты. Инфляциялық күтулердің өсуі қысқа мерзімді сипатқа ие көші-қон өзгерістері аясында орын алды. Дегенмен, бұл инфляциялық күтулерге тікелей ықпал ете отырып, екінші реттік әсер ету тәуекелдерін тудырды.
Сондай-ақ, Ұлттық банктің мәліметінше, жаһандық экономиканы одан әрі дамыту болашағы тағы да нашарлады.
ХВҚ-ның 2022 жылы әлемдік экономиканың өсуі жөніндегі болжамдары 3,2% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бұл ретте 2023 жылы бағалау 2,9%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Жоғары геосаяси тәуекелдер, жоғары инфляциялық қысым, Қытайда экономикалық белсенділіктің төмендеуі әлемдік экономиканың өсуін тежейтін негізгі факторлар болып қала береді", - деп атап өтті Ұлттық Банкте.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, таяудағы отырыстарда базалық мөлшерлемені көтеру әлеуеті сақталуда және Ұлттық Банк проинфляциялық тәуекелдердің жай-күйін негізге ала отырып, ақша-кредит талаптарын қатаңдатуды жалғастыруға ниетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.12.2025, 17:34 811
Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті: Үкімет Президент тапсырмасы бойынша жаңа қуат көздерін іске қосуда
Достарға айту
Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов электр энергиясын өндірудің айтарлықтай өсуі және қуаттарды одан әрі арттыру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, 2000 жылдардың басында Қазақстанда электр энергиясын өндіру жылына шамамен 50 млрд кВт/сағ құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 117,9 млрд кВт/сағ жетті, ал осы жылы шамамен 122 млрд кВт/сағ өндіру жоспарланған. Осылайша, елімізде 25 жыл ішінде электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті.
Энергетика министрлігі қуаттарды арттыру және электр қуатын өндіруді ұлғайту бойынша нақты жоспар әзірледі. 2035 жылға дейін электр энергиясын өндіру көлемін іс жүзінде екі есеге арттыра отырып, жаңа қуаттарды енгізу және қолданыстағы қуатты жалпы 26,4 ГВт-қа реконструкциялау жоспарлануда.
Ерлан Ақкенженов тұтынудың өсуі технологиялық ілгерілеуге байланысты екенін атап өтті.
Үдеріс бір орында тұрмайды. Бүгінде елімізде екі суперкомпьютер жұмыс істейді - AlemAI және AI Farabium. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер дамуы, деректер орталықтарының құрылысы және өнеркәсіптік өндірістің өсуі нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі сөзсіз артады.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндетке сәйкес қазіргі заманғы және экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, көмір генерациясын дамыту жалғастырылады.
Жақында Павлодар облысы, Екібастұз қаласының маңында салынатын қуаты 2 600 МВт ГРЭС-3 заманауи станса құрылысына конкурс өткізілді, онда қазірдің өзінде екі ірі электр стансасы жұмыс істейді. Жаңа ГРЭС-тің бір бөлігі маневрлік генерациямен жабдықталады - заманауи технологиялар мұндай шешімдерді көмір стансаларында да тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскеменде үш ЖЭО салу жоспарлануда", - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар газ генерациясында жобалар жүзеге асырылуда. Шымкентте қуаты 1 000 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар биыл Мемлекет басшысы жалпы қуаты 270 МВт болатын үш "Түркістан" бу-газ қондырғысы блогын іске қосуға қатысты. Бұл маневрлік генерациялау нысандары электр жүйесін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Бұл жобалардың барлығы ұлттық энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Қазақстанның мақсаты - 2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруді екі есеге арттыру", - деп қорытындылады сөзін Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 16:20 1051
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда.
Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Саланың стратегиялық дамуы ауқымды құрылыс кезеңімен тығыз байланысты. Елімізде әлемдік деңгейдегі ерекше мұнай-химиялық кешендер салынып жатыр. Атырау облысында полиэтилен зауытының болашақ пиролиз қондырғысының құрылысы 30%-дан астамына орындалды. Павлодарда алкил шығаратын кәсіпорынның құрылысы басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 14:26 831
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі зауыттарды жаңғырту есебінен 40 млн тоннаға жетпек
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Astana HUB алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2025 жылғы саланың қорытындылары шығарылып, келесі жылға арналған басымдықтар талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Есептік кезеңде министрлік Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды реформаларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл реформалар мұнай-газ секторын, жанар-жағармай материалдары нарығын және мұнай өңдеу саласын қамтиды. Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды.
Үшінші буын зауытының пайдалануға берілуі мұнай өндіру көлемін жылына 12 миллион тоннаға арттыруды қамтамасыз етіп, экспорттық түсімнің тұрақты көзін қалыптастырды және ұлттық экономиканың әлеуетін күшейтті. Ішкі жанар-жағармай нарығын реттеу аясында Министрлік бағаны қолмен басқарудан нарықтық тетіктерге көшу үдерісін жүзеге асырды. Қабылданған шаралар нарықты тұрақтандыруға, оны отынмен толық қамтамасыз етуге және тапшылық қаупін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Биыл мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамытуға арналған ұзақмерзімді өндірістік бағдарлар бекітілді. Олар қуаттарды ұлғайту, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген. Негізгі мақсатты көрсеткіш - қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейінгі жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру арқылы мұнай өңдеу көлемін 18 миллион тоннадан 39 миллион тоннаға дейін арттыру", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ағымдағы жылы CaspiBitum зауытын жаңғырту аяқталып, нәтижесінде кәсіпорынның мұнай өңдеу қуаты жылына 1,5 миллион тоннаға, ал битум өндіру көлемі 750 мың тоннаға дейін ұлғайды. Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ жаңа мұнай өңдеу зауытын салу үшін әлеуетті инвесторларды тарту шаралары жүргізіліп жатыр. Экологиялық күн тәртібі мен саланың технологиялық дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Көміртегі бейтараптығы стратегиясы аясында К5+ экологиялық стандарттарына сай мұнай өнімдеріне көшу бекітіліп, МӨЗ-рын техникалық жаңғырту мұнай өңдеу тереңдігін 94 пайызға дейін арттыруға және мұнай өңдеуді мұнай-химиямен ықпалдастыра отырып, жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 12:13 1291
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылауда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Есепті кезеңде Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен мұнай-газ секторын, жанар-жағармай материалдары нарығын және мұнай өңдеуді қамтитын ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісін жалғастырды.
Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Зауыттың үшінші буынын пайдалануға беру мұнай өндірудің жылына 12 млн тоннаға өсуін қамтамасыз етті, бұл экспорттық кірістің тұрақты көзін қалыптастырады және ұлттық экономиканың әлеуетін арттырады.
ЖЖМ ішкі нарығын реттеу саласында бағаны қолдан басқарудан нарықтық тетіктерге көшу жүзеге асырылды. Қабылданған шаралар нарықты тұрақтандыруға, оны отынмен қанықтыруға және тапшылық қаупін азайтуға мүмкіндік берді.
2025 жылы қуаттылықты арттыру, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі ұзақмерзімді өндірістік бағдарлары бекітілді. Нысаналы көрсеткіш жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаты жылына 10 млн тоннаға дейін жететін жаңа МӨЗ жобасын жүзеге асыру есебінен мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн-нан 39 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Биыл CaspiBitum зауытын жаңғырту аяқталды, нәтижесінде кәсіпорынның қуаты жылына 1,5 млн тоннаға дейін, ал битум өндірісі жылына 750 мың тоннаға дейін артты.
Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту, сондай-ақ жаңа МӨЗ салу үшін әлеуетті инвесторлар тарту жұмыстары жалғасуда.
Саланың экологиялық күн тәртібіне және технологиялық дамуына ерекше назар аударылады. Көміртекті бейтараптық стратегиясы шеңберінде К5 + мұнай өнімдерінің экологиялық стандарттарына көшу бекітіледі. МӨЗ-ді техникалық жаңғырту мұнайды өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін арттыруға және қосылған құны жоғары өнім шығару үшін мұнай өңдеуді мұнай химиясымен біріктіруге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 10:21 2011
Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру - Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Primeminister.kz редакциясы еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастыруда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық өсудің қозғаушы күші болуы тиіс екенін айқындап берді. Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды.
2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл - орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз.
2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%-6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.
Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы - микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың "тірі тінін" қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды - 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.
Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметі қолдау шараларына қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналды, оны қазірдің өзінде 222 мыңға жуық адам пайдаланған, бұл - аталған құралдардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің дәлелі.
Елімізде 2024 жылдан бері бизнес жасауға тең жағдай туғызу, компанияларды ірілендіруге ынталандыру және орта бизнестің рөлін күшейту бағытында кешенді саясат жүзеге асырылуда. Мақсат - кәсіпкерлер үшін болжамды және әділ орта құру.
Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талаптарды цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.
Соның ішінде:
- біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады;
- ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады;
- жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.
Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кең ауқымда қанат жаю процесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және экономикадағы жоғары өнім шығаратын компаниялардың үлесін арттыра түсуге батыл қадам жасалып жатқанын білдіреді.
Осылайша, орта бизнес біртіндеп өңірлердің ғана емес тұтастай еліміздің де тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуда.
Мемлекет басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Үкімет ЕҚДБ-мен бірлесіп компаниялардың терең диагностикасын жүргізуде, олардың инвестициялық әлеуетін бағалай отырып, жеке-жеке өсу жоспарларын әзірлеуде. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорынмен жұмыс басталды, ал 2030 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны кемінде 70-ке жетпек, бұл - өсуге дайын компаниялардың мықты тобын қалыптастырмақ.
Елде бизнесті реттеу қайта іске қосылуда. "Таза парақтан" реттеу қағидаты бойынша талаптар қайта қаралады, ескірген нормалар алынып тасталады және мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылады. Нәтижесінде Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар айтарлықтай жеңілдетіледі.
Осы жылы "Өрлеу" жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңге сомасына 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды, бұл осы құралдың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. "Даму" Қорының базасында кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтетін екі кепілдік қоры құрылды:
- Кепілдік қоры - 1 кепілдіктерді портфельдік әдіспен береді, несиелеу қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қор 417,7 млрд теңгеге 2 384 жобаны қолдап, 229,9 млрд теңгеге кепілдік берді;
- Кепілдік қоры - 2 ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. КҚ-2 бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын алғашқы ірі жобаны жүзеге асырып, 2,8 млрд теңгеге кепілдік берді. Тағы бір жоба қол қою кезеңінде дайын тұр.
Болашақта салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым атаулы және нақты бағытты қолдауға көшу жоспарлануда, бұл бизнестің әртүрлі сегменттерінің әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді.
Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау үздіксіз дамып және идеяның пайда болуынан кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. "Өрлеу" бағдарламасы және басқа да шаралар өндіріс көлемінің өсуі үшін берік негіз қалыптастырады. Өз кезегінде бизнестің белсенділігі Қазақстанның кәсіпкерлік ортасы анағұрлым жетілген, тұрақты және серпінді болып келе жатқанын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 08:48 2361
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.
Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.
Бұйрық 2025 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 15:36 2461
Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бүгін Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде "Alatau Rise with Kazakhstan" роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырды.
Көптеген корей компаниялары біздің келешегі зор Alatau Smart City жобамызды қолдады, бұл бізді қуантады. KIND инфрақұрылымдық құрылыс жобаларына, соның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу және су бұру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарындағы жобаларға EPC-келісімшарттары немесе девелопмент форматы бойынша қатыса алады", - деді Қанат Бозымбаев.
Кездесу барысында тараптар логистика және порт инфрақұрылымы саласындағы өзге де әлеуетті жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Кең ауқымды ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып, вице-премьер KIND басшысына Қазақстанда корпорация кеңсесін ашуды ұсынды.
Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, "Alatau City Authority" мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы арасында Alatau Smart City жобасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 15:20 61236
Қазақстанда мұнай өнімдеріне жаңа акциз мөлшерлемелері қабылданды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Биыл 5 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бензинге (ұшақ отынын қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға жаңа акциз мөлшерлемелері бекітілді, деп хабарлайды Inform.kz.
Атап айтқанда, көтерме сатуда бензинге тоннасына 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз салынады.
Сонымен қатар бөлшек саудада және өз өндірістік қажеттіліктері үшін пайдалану кезінде бензинге 38 634 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, ал газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 634 теңге мөлшерінде акциз бекітілген.
Ал импорт бойынша бензинге 38 134 теңге, дизель отынына 35 726 теңге, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға 38 134 теңге мөлшерінде акциз қойылады.
Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 13:48Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады 15.12.2025, 14:50 2326Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында15.12.2025, 15:53 1996Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті15.12.2025, 10:21 1196Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді15.12.2025, 10:03 1176Үкіметте "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды
09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134111Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 133986Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды10.12.2025, 16:01 128151Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 17:08 127681Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады10.12.2025, 16:10 127286Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
19.11.2025, 16:26 147011Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146656Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145861Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды134111Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды09.12.2025, 14:10 133986Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды

