12.02.2015, 15:46 3865

1 трлн теӊге көлеміндегі теӊге өтімділігініӊ тапшылығы қысқа мерзімді перспективада жабылады - Қ.Келімбетов

Соӊғы айларда девальвациялық болжалдар нәтижесінде пайда болған 500 млрд бастап 1 трлн теӊгеге дейінгі көлемдегі қысқа мерзімді дәлізде болжанған теӊге өтімділігініӊ тапшылығы толтырылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Соӊғы айларда девальвациялық болжалдар нәтижесінде пайда болған 500 млрд бастап 1 трлн теӊгеге дейінгі көлемдегі қысқа мерзімді дәлізде болжанған теӊге өтімділігініӊ тапшылығы толтырылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Теӊге өтімділігіне қатысты 3-6 ай қысқа мерзімді перспективада теӊге тапшылығы шамамен 500 млрд бастап 1 трлн теӊгеге дейін түрленеді. Бұл сан БЖЗҚ екінші деӊгейлі банктерініӊ облигацияларын сатып алу арқылы бекітіледі, 250 млрд астам теӊгені проблемалы несиелер қоры арқылы банктерге ұсыну күтілуде, 60 млрд теӊге валюталық айырбас арқылы ҚДБ-не ұсынылады, 80 млрд теӊгені "ҚазАгро" арқылы енгізу күтілуде, сондай-ақ ЕҚҚДБ және АДБ арқылы ұзақ мерзімді және орта мерзімді өтімділік ұсыну мүмкіндігі қарастырылуда", - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Валюталық нарықтағы жағдайды түсіндірген ол "ішкі девальвациялық болжамдар болғанын, олар халық пен заӊды компаниялардыӊ, оныӊ ішінде квазимемлекеттік сектор компанияларыныӊ жаппай айырбастауына, ал бұл теӊге ресурстарыныӊ жетіспеушілігіне алып келгенін" айтты.

Оныӊ айтуынша, кәсіпорындар мен халық Ұлттық банктен ескерту алды, кеше Қазақстан айырбастау бағамыныӊ күрт ауытқуынан бас тартуға ниетті екені еӊ жоғары деӊгейде бекітілді.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банк саясаты бір мезгілде тереӊ девальвацияға жол бермеуге бағытталғанын, алайда бұл бекітілген бағамды білдірмейтінін еске түсіріп өтті.

"Орта мерзімді кезеӊде біз әлдеқайда икемді баға белгілеуге көшеміз, кез-келген көшу алдын ала хабарланып, нарықтыӊ барлық субъектілері одан хабардар болады", - деп жалғады өз сөзін ҰБ басшысы.

Бүгінде несиелерді теӊгемен емес, доллармен беретін ЕДБ несиелері туралы мәселеге қатысты "қысқа мерзімді өтімділікке қатысты мәселе жоқ" екенін айтты.

Осылайша, оныӊ айтуынша, банктер күн сайын ақшалай қаражаттыӊ мәлімделген көлемдерін алады, ал бұл шамамен теӊге эквивалентінде 15% 2,5 млрд доллар.

"Бұл мөлшерлеме төмендеп, кепілдік қамтамасыз ету кеӊейтіледі деп жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды ол банкаралық пайыздық мөлшерлемеге қатысты сөзінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны