01.06.2006, 10:38 2803

2006 жылдың мамырында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% болды

АЛМАТЫ. 1-маусым. Kazakhstan Today. 2006 жылдың мамырында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы – 2,2%-ға өсті (картоп – 3,9%-ға, жаңа жиналған көкөністер – 1,9%-ға, жемістер – 1,4%-ға). Нан өнімдері мен жарма өнімдері бағасының өсімі 0,4%, ал жарма бағасының өсімі – 2,3%, тоқаш және ұн кондитерлік өнімдер бағасының өсімі – 0,3%, ұн бағасының өсімі – 0,2% құрады. Нанның бағасы өзгермеді.

Ет және ет өнімдері – 0,7%-ға, қой еті – 1,8%-ға, жылқы еті – 1,4%-ға, сиыр еті – 1,2%-ға, шұжық және еттің басқа өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады. Құс етінің бағасы 1,3%-ға, шошқа етінің бағасы – 0,4%-ға төмендеді. Сүт өнімдері 1,7%-ға, жұмыртқа – 2,6%-ға арзандады. Қант бағасының деңгейі 1,2%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде киім және аяқкиімнің бағасы 0,5%-ға, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың бағасы – 0,3%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы – 0,2%-ға өсті. Жанармай 0,3%-ға қымбаттады.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтеріне ақы төлеу 4%-ға, суық сумен жабдықтау - 16%-ға, ыстық сумен жабдықтау – 2,7%-ға, кәріз қызметтеріне ақы төлеу – 12,4%-ға өсті. Орталықтан жылыту бағалары мен тарифтері – 2,9%-ға, қоқыс жинау – 2,3%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау – 1,6%-ға, газбен жабдықтау – 1,1%-ға өсті.

Денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы – 0,9%-ға, мәдениет және демалыс қызметтерінің бағасы – 0,4%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтерінің бағасы – 0,2%-ға, білім беру – 0,1%-ға өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері бағасының индексі 100% құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны