02.05.2006, 10:16 3067

2006 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% құрады

АЛМАТЫ. 2006 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жеміс-көкөністер бағасы - 2,9%-ға (картоп - 5,4%-ға, жаңа піскен жемістер - 2,2%-ға, көкөністер - 2%-ға) өсті. Қант 1,1%-ға қымбаттады. Нан өнімдері мен жарма өнімдері бағасының өсімі - 0,6%, жарма бағасының өсімі - 1,6%, тоқаш және ұн кондитерлік өнімдер бағасының өсімі - 0,9%, нан бағасының өсімі - 0,4%, ұн бағасының өсімі - 0,3% құрады. Жылқы етінің бағасы - 1,6%-ға, қой етінің бағасы - 0,8%-ға, сиыр етінің бағасы - 0,6%-ға, шұжық және еттен жасалған басқа өнімдер бағасы - 0,5%-ға өсті. Құс еті бағасының төмендеуі - 3,4%, шошқа еті бағасының төмендеуі - 0,4% байқалды. Сүт өнімдері 0,9%-ға, жұмыртқа- 2,7%-ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде киім мен аяқ киімнің бағасы 0,8%-ға, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың бағасы - 0,4%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы - 0,3%-ға өсті. Жанармайдың бағасы - 0,8%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеу 0,7%-ға, газбен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеу - 4,5%-ға, қоқыс жинау қызметтеріне ақы төлеу- 2,9%-ға, тұрғын үйді ұстау қызметтеріне ақы төлеу - 1,3%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы - 1,3%-ға, мәдениет және демалыс мекемелері қызметтерінің бағасы - 1,2%-ға, мейрамхана және қонақ үй қызметтерінің бағасы - 1%-ға, білім беру қызметтерінің бағасы - 0,3%-ға өсті. Жолаушылар көлігінде жол жүру бағасының өсімі 0,2% құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны