15.08.2006, 13:58 3209

2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындары 1,044 трлн. теңгені құрап, 96,5 процентке орындалды

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындары 1,044 трлн. теңгені құрап, 96,5 процентке орындалды. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Н.Коржованың айтуынша, есепті мерзімде 37,9 млрд. теңге пайдаланылған жоқ. "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, қаржыны игермеуге бюджеттік бағдарлама қаржысын тиімсіз басқару, бюджет қаржысының қажетсіз болмай қалуы, сапасыз жоспарлау, ағымдағы шығындарды үнемдеу, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттарды дер кезінде қабылдамау себеп",- деді қаржы министрі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны