05.01.2007, 12:30 3044

2006-жылы Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің әлемдік рейтингінде 61-ші орыннан 56-шы орынға көтерілді

АЛМАТЫ. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today . Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің әлемдік рейтингінде 61-ші орыннан 56-шы орынға көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрағасы Марат Ийкеновтың айтуынша, әлемдік экономикалық форум әзірлеген 2004-2005-жылдардағы бәсекелестікке шолу қорытындысы бойынша Қазақстан 117 елдің ішінде 61-ші орында болған. Ал макроэкономикалық даму деңгейіне қарай 40-шы орынға шығып, бұрынғы КСРО елдерін жаппай артта қалдырды. 2006-2007-жылдарға арналған бәсекелестік қабілет индексіне сәйкес Қазақстан 56-шы орынға көтерілді.

М.Ийкеновтың айтуынша, 1990-шы жылдардың басында Қазақстан аталмыш рейтингте небәрі 109-шы орында болған. "Қазірде ТМД елдерінен Ресей мен Украина тиісінше 75-ші және 84-ші орынға табан тіреді",- деді ол. "Бұл деректер Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы табысты жүзеге асырылып жатқанынан хабар береді",- деп санайды М.Ийкенов.

Оның пікірінше, "республика жаңаша даму кезеңінің табалдырығы алдында тұр". "Ең ауыр әрі өтпелі кезең артта қалды. Қазір біз өз елімізді келешекте әлемдік геосаясаттың маңызды бір сегментіне айналған мүлдем жаңа ел боламыз деп ауыз толтырып айта аламыз",- деді М.Ийкенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны