30.10.2007, 15:18 3377

2007 жылдың 9 айында банктердің ел экономикасындағы несиелерінің көлемі 7,1 трлн теңгені құраған

2007 жылдың 9 айында банктердің ел экономикасындағы несиелерінің көлемі 7,1 трлн теңгені құраған

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 9 айында банктердің ел экономикасындағы несиелерінің көлемі 7,1 трлн теңгені құраған. Бұл туралы бүгін, үкімет отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экономикадағы несиелердің жалпы көлемі қыркүйектің соңында 7 трлн 118 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 11,9 млрд теңгеге немесе 0,16 пайызға төмен",- деді Б. Сұлтанов. Ол сондай-ақ, жалпы "қыркүйекте экономикадағы банктердің несие көлемі тамыз айымен салыстырғанда сақалып қалғандығын" айтып өтті.

Сонымен қатар, "егер жыл басынан бергі динамикаға үңілетін болсақ, онда несиелеудің өсу қарқыны айтарлықтай жоғары", деп атап көрсетті министр. Оның мәліметтеріне сүйенсек, "қыркүйектің соңындағы несиелеу көлемі 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 51,7 пайызға өскен, ал өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда өсу деңгейі 86,1 пайызды құрап отыр".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны