23.10.2007, 19:03 3223

2007 жылдың 9 айында нақты бюджет тапшылығы 117,9 млрд теңге болды - Қаржы министрлігі

2007 жылдың 9 айында нақты бюджет тапшылығы 117,9 млрд теңге болды - Қаржы министрлігі

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" -2007 жылдың 9 айында нақты бюджет тапшылығы 117,9 млрд теңге болды. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин хабарлады.

"Жоспар бойынша тапшылық 349,6 млрд теңге болғанына қарамастан, іс жүзінде ол 117,9 млрд теңге деңгейінде қалыптасты", - деді Д. Ерғожин.

Оның атап көрсетуінше, "өткен 9 айда сыртқы берешектерді есепке алмағанда мемлекеттік бюджет түсімдері 2 трлн теңге болып, жоспардан 0,8% асты". "Шығындар 2,2 трлн теңге, немесе жоспардың 95,5% құрады", - деп нақтылады вице-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны