13.11.2006, 15:36 2757

2007 жылдың бюджетінде білім және денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаржы 9,1 млрд. теңгеге ұлғайды

АСТАНА. 13 қараша . Kazakhstan Today. Бүгін парламентте қабылдаған 2007 жылға арналған республикалық бюджетте білім және денсаулық сақтау салаларына қарастырылған қаражат осыған дейінгі жоспарланған сомамен салыстырғанда 9,1 млрд. теңгеге ұлғайды. Kazakhstan Today агенттігі тілшісінің мәліметінше, мұндай шешімді параламент палаталарының біріккен комиссиясы қабылдаған.

"Қосымша қаражат көзінің арқасында білім және ғылым министрлігінің шығыстары 3,2 млрд. теңгеге және денсаулық сақтау министрлігінің шығыны 5,9 млрд теңгеге ұлғайды", деп мәлімдеді комиссия төрағасы Кенжеғали Сағадиев парламент палаталарының біріккен отырысында.

Оның мәліметіне қарағанда, білім министрлігі тарапынан жаңа құрылыс нысандарына және бұрынғы ғимараттарды жөндеуге шығыс көлемі 2,2 млрд. теңгеге және Алматы мен Алматы облысында оларды сейсмикамлық жағынан күшейту үшін 1 млрд. теңгеге көбейді. "Білім саласына бөлінетін жалпы қаражат, қосымша қаржыландыруды есептегенде , 16,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 2,8 млрд. немесе 16,6% көп",-деп атап өтті К.Сағадиев. 2007 жылы елде 91 жаңа білім ғимаратын салу жоспарда бар.

Денсаулық сақтау министрлігі саласы бойынша жаңа нысандардың құрылысына және жөндеу шараларына шығыс 3,6 млрд. теңгеге , Алматы және Алматы облысындағы денсаулық сақтау ғимарттарының сейсмикалық күштілігін арттыруға 1 млрд. теңгеге ұлғайды. Сонымен қатар бюджетте республикалық және аймақтық қан орталықтары жүйесін арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 1,1 млрд. теңге , ал ОҚО ВИЧ кеселіне шалдыққан балаларды емдеу үшін 107,6 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат қарастырылған.

Комиссия төрағасы ерекше атап өткендей, денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік бағдарламасында Шымкентте салынатын қан орталығының және облыстық балалар ауруханасының шығыны да ескерілген. Оның айтуынша, қан орталығына 1,4 млрд.теңге, ал аурухана құрылысына 1,1 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

"Сонымен денсаулық сақтау саласындағы құрылыс нысандарына және жөндеу жұмыстарына бөлінетін жалпы қаржат , қосымша қаржыландыруды есепке алғанда, 15,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 2006 жылға қарағанда 4,1 млрд. теңгеге немесе 27% көп",-деді К.Сағадиев. Комиссия төрағасының айтуынша, 2007 жылы денсаулық сақтау саласында 41 жаңа нысан бой көтереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны