02.04.2007, 11:12 2980

2007 жылдың наурызында Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8721 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 2-сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 8721 теңгені құрады, бұл 2007-жылғы ақпандағы көрсеткіштен 0,8 процентке (8653 теңге) артық. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне сәйкес, соның ішінде азық-түлік тауарлары 5232 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 3489 теңгеге тең.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 6946 теңге, жігіттер үшін 10978 теңге, қыздар үшін 8411 теңге, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 10402 теңге, әйелдер үшін 8260 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 8136 теңге болды.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтреге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны