11.04.2007, 17:18 3312

2007 жылғы наурызда теңге 0,3%, жыл басынан бері - 2,5% нығайды

АЛМАТЫ. 11-сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылғы наурызда теңге 0,3%, жыл басынан бері - 2,5% нығайды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылғы наурызда теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының өсу үрдісі байқалды.

Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 123,17 теңге - 125,33 теңге ауқымында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 0,3% (жыл басынан бері - 2,5%) нығайды және наурыздың соңында теңгенің биржалық бағамы бір долларға 123,84 теңгені құрады.

Наурызда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда ақпандағымен салыстырғанда 9,7% ұлғайды және 4,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері -14,9 млрд. долл.). Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 29,8% ұлғайды және 11,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері - 30,9 млрд. долл.).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны