07.09.2007, 16:24 3078

2007 жылғы шілдеде ақша массасы 2,9%-ке өсті

2007 жылғы шілдеде ақша массасы 2,9%-ке өсті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7-қыркүйек. АЛМАТЫ. 2007 жылғы шілдеде банк жүйесіндегі таза ішкі активтердің ұлғаюы салдарынан ақша массасы 2,9%-ға, 4618,0 млрд. теңгеге дейін (жыл басынан бері - 44,9%) ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

2007 жылғы шілдеде айналыстағы қолма-қол ақша 2,8%-ға 815,4 млрд. теңгеге дейін (жыл басынан бері 35,7%-ға), ал банк жүйесіндегі депозиттер 2,9%-ға 3802,2 млрд. теңгеге дейін (жыл басынан бері 23,6%-ға) өсті. Депозиттердің өсу қарқынының айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда аздап басып озуы депозиттердің ақша массасының құрылымындағы 82,3% құраған үлесінің өзгеруіне әсер еткен жоқ.

2007 жылғы шілдедегі ақша базасының ұлғаюы аясында ақша массасы көлемінің артуы ақша мультипликаторы мәнінің 2,69-дан 2,72 дейін өсуіне себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны