07.03.2007, 14:30 3637

2007-жылдың қаңтар айында елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға төмендесе, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға ұлғайды

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Банк жүйесінде резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2007 жылғы қаңтарда 2006 жылғы желтоқсандағымен салыстырғанда 3,4% -ке өсіп 3008,7 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,5%-ға, 1959,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 0,7%-ға, 1049,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

2007 жылғы қаңтарда ұлттық валютадағы депозиттер 4,2%-ға, 2113,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, шетел валютасындағы депозиттер 17,7%-ға, 895,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 65,1%-дан 70,3%-ға дейін көтерілді.

Халықтың (резидент еместерді есепке алғанда) банктердегі салымдары бір айда 0,7%-ға, 1062,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2007 жылғы қаңтарда халық салымдарының құрылымындағы теңгедегі депозиттер 5,6%-ға, 746,2 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 9,2%-ға, 316,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 66,9%-дан 70,2%-ға дейін артты.

Банктердің депозиттері бойынша ставкалар динамикасы мынадай өзгерістермен сипатталды. 2007 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,2% (в декабре 2006 года - 4,5%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 9,9% (9,8%) құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны