07.02.2007, 14:38 2875

2007-жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын 1,5 есе өсіру межеленіп отыр - Қазақстандағы Иран елшісі

АЛМАТЫ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. 2007-жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын 1,5 есе өсіру межеленіп отыр. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ромин Мехмонпараст "Бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаны жүзеге асыру қарсаңындағы Иран мен АҚШ-тың текетіресі" атты баспасөз мәслихатынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Р.Мехмонпарасттың айтуынша, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 2005-жылы 900 млн, 2006-жылы 2 млрд долларды құрады. "2007-жылдың аяғында Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан асады деп сенемін",- деді елші. Оның айтуынша, Қазақстан мен Иран "мұнай және газ, мұнайхимиясы өнеркәсібі, металлургия, астық, машина жабдықтары, түрлі инженерлік және техникалық қызметтер, транспорт саласындағы инвестициялар" бағытында ынтымақтасуда.

"Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз бәсекелік сипатта. Иран Қазақстан тауарларын тасымалдайтын ең таңдаулы бағыт. Біз сонымен бірге Иран мен Қазақстанда және үшінші елдерде түрлі жобаларға инвестиция сала аламыз",- деді ол.

Р.Мехмонпарасттың пікірінше, "3-5 жылда республикалар арасындағы тауар айналымы 5 млрд доллардан асады. Өзара инвестиция көлемі де 5 млрд доллардан асады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны