06.05.2008, 18:07 3025

2008 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтық авиация кәсіпорындарында негізгі өндрістік көрсеткіштердің өсуі жалғасты

2008 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтық авиация кәсіпорындарында негізгі өндрістік көрсеткіштердің өсуі жалғасты

Астана. 6-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтық авиация кәсіпорындарында негізгі өндрістік көрсеткіштерінің өсу үдерісі жалғасты. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде азаматтық авиация саласы қызметінің 2008 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша қорытындысы және осы саланың одан әрі дамуына арналған салалық мәжілісте жария етілген мәліметтерде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтық авиация кәсіпорындарында негізгі өндрістік көрсеткіштерінің өсу үдерісі жалғасқан.

Қазақстандық авиакомпаниялар 596 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен (449 мың жолаушы) салыстырғанда, 31 пайызға артық. Жүк тасымалы да 75 пайызға артып, 3,8 мың тоннаны құрады.

Қазіргі таңда 7 авиакомпания 43 ішкі әуе бағыттары бойынша, соның ішінде 5 жергілікті әуе желісі бойынша ұшуларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Облысаралық және ауданаралық әуе қатынасына деген сұраныс күн санап өсуде. Сондықтан, осы бағыттар бойынша жаңа әуе бағдарғыларын ашу қажеттілігі туып отыр.

Жергілікті әуе желілерін ашуға Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстары қызығушылық танытуда.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі "Бомбардье" және "Эмбрайер" сияқты батыс компанияларымен аймақтық әуе кемелерін сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. 2010 жылдан бастап жаңа ұшақтар Қазақстанға жіберіледі.

Тасымал көлемінің одан әрі өсуі әуе көлігі инфрақұрылымының, ең алдымен әуежайлардың дамуына байланысты.

2008 жылдың І тоқсанында Қазақстан әуежайларында 927 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Бұл былтырғы жылдың дәл осы мезгілімен салыстырғанда 22 пайызға жоғары. Жүк, багаж және поштаның көлемі 10 пайызға артып, 17 мың тоннаны құрады.

Алматы әуежайында екінші ұшу-қону алаңын салу жұмыстары аяқталып, ол 2008 жылдың ІІІ тоқсанында пайдалануға беріледі. Биыл бюджеттің есебінен Қызылорда қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын қайта салу жұмыстары басталды. Биылғы жылы Ақтөбе қаласы әуежайының аэровокзалын қайта салу жұмыстары аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны