19.12.2007, 16:22 2972

2008 жылы Қазақстандағы орташа жылдық инфляция 10 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде - үкіметтегі ақпарат көзі

2008 жылы Қазақстандағы орташа жылдық инфляция 10 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде - үкіметтегі ақпарат көзі

Астана. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Қазақстандағы орташа жылдық инфляция 10 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Мұндай пікірін бүгін үкіметтегі ақпарат көзі "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті. "Егер біз келесі жылы инфляцияны бір орынды сан деңгейінде қалдыра алсақ, онда бұл үкіметтің үлкен жеңісі болады, бірақ іс жүзінде 10 пайыз шамасында болады деп ойлаймын",- деп хабарлады ақпарат көзі.

Ол сондай-ақ, келесі жылы инфляциямен күрес "үкімет жұмысының басты басымдылығы" болатындығын атап өтті. "Егер экономиканың өсу қарқыны мен оған қарсы күрестің бірін таңдайтын болсақ, біз әрине соңғысына тоқталамыз, бұл тіптен экономиканың өсуінің бәсеңдеуіне әкеп соқтырса да",- деп атап көрсетті ақпарат көзі. Осыған байланысты ол министрлер кабинетінің азық-түлік және жанар-жағармай нарығында интервенция жүргізіп, "монетарлық саясатта кейбір шектеулер енгізуін" де жоққа шығармады. "Біз "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өнімдері нарығындағы бағаға әсер ету мүмкіндігіне қол жеткізу мақсатында "МаңғыстауМұнайГаз" акциясының бақылау пакетін сатып алу туралы шешімін мақұлдадық", - деп түсіндіріп өтті ол.

Сонымен қатар, ақпарат көзінің айтуынша, инфляцияны ұстап тұру үшін үкімет Қазақстандағы тарифтерді либерализациялау мерзімдерін ауыстыруға дейін баруға дайын. "Біз тарифтерді либерализациялауды 2008 жылдан бастауды жоспарлаған болатынбыз, бірақ біз мұны келесі жылы қолға алмаймыз, бұл процесс кейінгі жылға қалдырылып отыр",- деп атап көрсетті ол.

"Дүниежүзілік экономиканың жетіжылдық өсу циклы аяқталды, қазір оны тұрақтандыру циклы басталды және де біздің міндетіміз осы кезеңде қазақстандықтардың өмір сүру сапасының төмендемеуін қамтамасыз ету болып табылады. Біздің пайымдауымызша, республикамыз үшін алдағы жыл негізіне келешектегі алға жылжуды қалаған тұрақтандыру жылы болмақ",- деп қорытындылады ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны