15.02.2008, 17:13 2733

2008 жылы Павлодар облысында астық тұқымдастар себілетін алқап 30 мың гектарға ұлғайтылады

2008 жылы Павлодар облысында астық тұқымдастар себілетін алқап 30 мың гектарға ұлғайтылады

Павлодар. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Павлодар облысында астық тұқымдастар себілетін алқап тағы да ұлғайтылады. Бұл туралы көктемгі тұқым себу науқанына дайындық жұмыстары бойынша өткізілген кеңейтілген алқа отырысында өңірлік ауыл шаруашылық департаментінің бастығы Нұржан Ишімбетов хабарлады.

"Жыл өткен сайын тұқымды көбірек себуге мүмкіндігіміз артып келеді. Биыл тұқым себілетін алқапты кем дегенде 30 мың гектарға арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді ауыл шаруашылық департаментінің басшысы. Ол сондай-ақ, алдарына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылғандықтан мемлекет бұл секторға ерекше көңіл аударып отырғанын жеткізді.

Н. Ишімбетов хабарлағандай, бұл үшін көлемді ақшалай субсидиялар бөлініп, тағы да басқа қолдау көрсетілуде.

Департамент басшысының айтуынша, өткен жылы облыста 65 мың тонна астық тұқымға себілген және 393 әртүрлі ауыл шаруашылық техникасы сатып алынған. Биыл шаруаларға лизинг арқылы 2 млрд теңгеut машина мен құралдар алу жоспарланып отыр.

"Біз өткен жылы жақсы түсім жинадық. Және бізге қолайлы ауа райы көп көмек көрсетті", - деп атап көрсетті Н. Ишімбетов. Оның айтуынша, қазір кейбір мамандар ауа-райының 5-жылдық циклдық өзгерісін ескере отырып, алдағы жаз құрғақ болуы мүмкін деп болжап отыр. Осыған байланысты шаруа қожалықтары ылғалды сақтау мен топырақты өңдеуге байланысты жаңа технологияларды енгізудің белсенділігін арттырулары қажет.

Н. Ишімбетов хабарлағандай, осы мақсатта осы саладағы жетекші мамандарды тарта отырып облыстың барлық аудандарында алдағы күндері семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Бұл кездесулерде шаруалар, сонымен бірге, мемлекеттік несиелеу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бағдарламасы бойынша толық мағлұмат ала алады, техника және элиталық тұқымдарды жеткізушілердің өкілдерімен кездесе алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны