04.02.2009, 17:01 3468

2009 жылғы қаңтардағы инфляция 0,3% құрады

2009 жылғы қаңтардағы инфляция 0,3% құрады

Алматы. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылғы қаңтардағы инфляция 0,3% (2008 жылғы қаңтарда - 1,1%) құрады, бұл осы ай үшін тарихи минимум болып табылады. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (1,6%-ға), ақылы қызметтер - 1,2% (0,6%-ға) өсті, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4% арзандады (өсуі 0,8%), деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда ең көп жемістер мен көкіністер - 1,9%-ға, сүт өнімдері - 1,2%-ға, алкоголь ішімдіктері - 3,0%-ға, темекі бұйымдары - 4,2%-ға қымбаттады. Күнбағыс майының - 12,7%-ға, ұнның -1,7%-ға, күріштің - 0,5%-ға, нанның - 0,4%- ға бағасы төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында жуу және тазалау құралдары бағасының - 1,9%-ға, жеке гигиена тауарларының - 1,1%-ға, медицина препараттарының -0,9%-ға өсуі байқалды. Бензин және дизель отыны тиісінше 9,6%-ға және 9,1%-ға төмендеді.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер құрылымында қоқысты жинау тарифтері 4,2%, кәріз - 1,2%-ға, орталық жылыту - 1,0%-ға, сумен жабдықтау - 0,7%-ға қымбаттады, электр энергиясы 1,2%-ға, бөлу тораптары бойынша тасымалданатын газ - 0,4%-ға арзандады. Пошта қызметтерінің бағалары мен тарифтері 46,9%-ға, телефон үшін абоненттік ақы - 14,0%-ға, медицина қызметтері - 1,5%-ға, көлік қызметтері - 0,8%-ға көтерілді.

2009 жылғы қаңтарда инфляция жылдық көрсеткішпен 8,7% (2008 жылғы желтоқсанда - 9,5%) құрады. Азық-түлік тауарлары 9,3% (10,8%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 4,5% (5,7%), ақылы қызметтер - 12,1% (11,4%) қымбаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны