06.05.2009, 15:25 3091

2009 жылы орманға авиапатруль жүргізуге шамамен 900 млн теңге бөлінді

2009 жылы орманға авиапатруль жүргізуге шамамен 900 млн теңге бөлінді

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылы орманға авиапатруль жүргізуге шамамен 900 млн теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінде "Орманды өрттен қорғаудың өзекті сұрақтары" деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Коваль мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Орман өрттерін анықтау және сөндіруді жеделдету үшін республикада авиаорманқорғау қызметі жұмыс істейді. Біз 5600 гектар аумақта авиапатрульжүргіземіз. Бұл - мемлекет үшін арзанға түсетін іс-шара емес. 2009 жылы орманға авиапатруль жүргізуге шамамен 900 млн теңге бөлінді. Нормативке сәйкес, күн сайын орманға әуеден патруль жүргізуге 15 ұшақ шығады",- деді И. Коваль.

"Қазіргі таңда орман өрттеріне неғұрлым бейім мемлекеттік орман қоры аумақтары Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары ормандарды авио қадағалаумен қамтамасыз етілген, оны 5639 мың гектар аумақта "Қазавиаорманқорғау" РМҚК жүзеге асырады. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК 2008 жылдың өрт қауіпі бар маусымында орман өрттерінің 518 оқиғасы анықтады, бұл олардың жалпы мөлшерінің 78 % құрайды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны