05.01.2010, 17:15 2962

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,0% деңгейінде белгіленеді

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,0% деңгейінде белгіленеді

Алматы. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 7,0% деңгейінде белгіленеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 7,0% деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады.

"2009 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6,2% болды. 2010 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляция 7%-дан аспайды деп күтілуде. Осыған байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы 7,0% деңгейінде сақтау барынша мақсатқа сай болып табылады. Бұл ретте оның деңгейі нақты көрсетуде әлсіз оң болып қалады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны