01.03.2010, 12:42 2823

2010 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12 438 теңгені құрады

2010 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12 438 теңгені құрады

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 2010 жылғы ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12 438 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 2,4%, 2009 жылғы ақпанмен - 1,6%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,1%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 17,2%, жемістер мен көкөністерді - 10,4%, нан және жарма өнімдерін - 9,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,9%-ды құрады.

"Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны