31.01.2011, 16:25 7328

2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 4,2 пайызға өскен

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі елімізде 79,7 млн. тоннаны құрады. 2009 жылға қарағанда, бұл көрсеткіш 4,2 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына, сондай-ақ биылғы жылдың міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде таратылған баспасөз баянында көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алдын ала мәліметтер бойынша, 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі елімізде 79,7 млн. тоннаны құрады. 2009 жылға қарағанда, бұл көрсеткіш 4,2 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына, сондай-ақ биылғы жылдың міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде таратылған баспасөз баянында көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Экспортталған мұнайдың көлемі 71,2 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өз кезегінде 2009 жылға қарағанда 4,5 пайызға артық. Мұнай экспортының негізгі көлемі Каспий құбыр желісі арқылы тасымалдынды (40,2 пайыз). Ал, "Атырау-Самара" құбырымен 21,5 пайызы, "Атасу-Алашаңқай" құбырымен 14,2 пайызы экспортталған.

Ал, 2010 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 13,7 млн. тонна шикі мұнай өңдеген. Бұл көрсеткіш 2009 жылға қарағанда 12,8 пайызға артық.

Айта кетеcек, 2010 жылы Мұнай және газ министрлігі ішкі нарықтағы жанар-жағармайдың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етті. Осы орайда көктемгі және күзгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін тиісті көлемде жағармаймен қамтамасыз етудің шаралары жоспарға сәйкес атқарылған.

2010 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 738 мың тонна арзандатылған дизельдік отын жеткізілді. Атап айтқанда, жалпы нарықтағы бағаға қарағанда оларға дизельдік отын 7 теңгеге арзан, яғни 62 теңгеден жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны