01.02.2012, 16:03 3926

2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады

Баға қатты отынға, шыны және қыш бұйымдарына 0,7 пайыздан, киім және аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,5 пайыздан, фармацевтикалық өнімдерге - 0,3 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,2 пайызға өсті.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік тауарлары 0,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,3 пайызға, ақылы қызметтер 0,1 пайызға өсті. Өткен айда бағаның жоғарылауы етке, жұмыртқаға 1,4 пайыздан, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 1,1 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 0,8 пайыз, мал майына - 0,6 пайыз, сүт өнімдеріне, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге - 0,5 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 0,4 пайызға тіркелді. Бағаның төмендеуі жармаларға 4,4 пайызға, қантқа, ұнға - 2,1 пайызға, күнбағыс майына - 1,5 пайызға, картопқа - 0,5 пайызға, күрішке - 0,3 пайызға, макарон өнімдеріне - 0,2 пайызға белгіленді.

Баға қатты отынға, шыны және қыш бұйымдарына 0,7 пайыздан, киім және аяқ киімге, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,5 пайыздан, фармацевтикалық өнімдерге - 0,3 пайыз, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,2 пайызға өсті.

Баға деңгейі денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметтеріне 0,8 пайыздан, мәдениет - 0,5 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,4 пайызға жоғарылады, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі - 1,2 пайызға төмендеді.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер тұрғын үйді ұстауға 0,4 пайызға, қоқыс жинауға - 2,3 пайыз жоғарылады, ал кәрізге - 0,2 пайыз, ыстық су мен орталықтан жылытуға - 0,4 пайыз төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны