14.03.2012, 10:47 3278

2012 жылғы қаңтарда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 92191 теңгені құрады

2012 жылғы қаңтарда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 46 780 теңгені құрады.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - 2012 жылғы қаңтарда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 92191 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2012 жылғы қаңтарда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 46 780 теңгені құрады.

2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда өсім атаулы ақшалай табыстар үшін 18,1 пайызды, нақты ақшалай табыстар бойынша - 11,5 пайызды құрады.

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, 2012 жылғы қаңтарда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 92191 теңгені құрады. 2011 жылғы қаңтарға қарағанда 19,0 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қаңтарға 112,4 пайызды құрады.

2012 жылғы ақпандағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 500,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,5 пайыз деңгейінде қалыптасты. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы ақпанның соңына 57,6 мың адамды құрады немесе бұл көрсетікш экономикалық белсенді халық санына 0,6 пайыз деңгейінде. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5 пайызын құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны