09.04.2013, 09:30 3308

2012 жылы 31 млн га ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жер түгендеуден өтті

"Тексерілетін учаскелердің үлкен көлемін ескере отырып, көрсетілген түгендеуді жүргізу үш жылға бөлінген болатын және өткен жылы ол 31 млн. га аса алаңда жүргізілді", - деді Қ.Өскенбаев.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - 31 млн-нан астам га ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер мен жер иелімдері 2012 жылы түгендеуден өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Тексерілетін учаскелердің үлкен көлемін ескере отырып, көрсетілген түгендеуді жүргізу үш жылға бөлінген болатын және өткен жылы ол 31 млн. га аса алаңда жүргізілді", - деді Қ.Өскенбаев.

Вице-министр аграрлық сектордың жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінің саны бойынша айырмашылық, жер учаскелерін пайдаланбау, пайдаланып отырған алаңдардың көлемінің есептік деректерге сәйкес келмеуі, егістіктің көп алаңдарында егіс айналымын қолданбау, суару желілерінің техникалық жай-күйі тиісті деңгейде болмауы, проблемалар және т.б. анықталғаны туралы мәлімдеді.

Шаруа қожалықтары мен агроқұрылымдардың саны бойынша және олар пайдаланып отырған алаңдар бойынша айырмашылықтар негізінен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында анықталды. "Бұл өңірлердегі шаруа қожалықтардың санының көптігімен байланысты, егістікті пайдалану бойынша айырмашылық Павлодар облысында 113,3 мың га, Шығыс Қазақстанда - 77,5 мың га, Ақмола - 54,5 мың га, Қарағанды - 53,2 мың га құрады",- деп атап өтті өңірлік даму вице-министрі.

Бүгінгі таңда 57 ауданның (жалпы саны 161 ауданның ішінен) және облыстық маңызы бар 5 қаланың (30 облыстық маңызы бар қалалардың ішінен), 800 астам ауылдық округтердің (2453 ауылдық округтың ішінен) және 67,5 мың шаруашылық субъектілерінің (220 300 шаруашылық субъектілердің ішінен) алқаптары тексерілді

Айта кету керек, Алматы мен Астана қалаларының ауыл шаруашылық алқаптарын түгендеу 2014 жылы жоспарланған, себебі аталған қалаларда осындай жерлердің алаңы көп емес.

Қазақстан Республикасының аумағы 272,49 млн.га құрайды, оның 222,24 млн.га - ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңы, оның ішінде: егістік - 29,41 млн. га, көпжылдық екпелер - 0,12 млн. га, шабындық - 5,16 млн. га, жайылым - 187,55 млн. га.

Жалпы республика бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы алаңының 40% немесе 91 млн. га ауыл шаруашылығы айналымына тартылған.

2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2012-2014 жылдарға көзделген айналымға енгізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу басталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны