16.01.2013, 13:26 3636

2012 жылы ауыл тұрғындарына 11,2 млрд теңге несие берілді

Бүгінгі таңда қордың несие қоржыны 21,4 млрд теңге. Онда ең көп үлес (жалпы мөлшердің 45%)"Сыбаға" мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына, 27%-ы "Ауылдық шағын несие", 12%-ы "Шағын несиелік ұйымдар" бағдарламасына тиесілі.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры 2012 жылы ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді несиелеу бағдарламасы бойынша 11,2 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 6 млрд теңге жұмсалды.

Бүгінгі таңда қордың несие қоржыны 21,4 млрд теңге. Онда ең көп үлес (жалпы мөлшердің 45%)"Сыбаға" мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына, 27%-ы "Ауылдық шағын несие", 12%-ы "Шағын несиелік ұйымдар" бағдарламасына тиесілі.

2012 жылы "Сыбаға" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3 млрд теңге жұмсалды, ауыл тұрғындарына аналық ірі қара мал сатып алуға 462 несие берілді. Қордың жеке қаражатынан (қайта инвестициялық) 1 млрд 883,1 млн теңге сомаға 314 несие берілді.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 2011-2012 жылдары қор тарапынан 10 млрд 208,3 млн теңге жалпы сомаға 1 мың 668 жоба қаржыландырылды. Соның есебінен қарызгерлер 55 мың 486 бас аналық ірі қара мал және 2 мың 426 етті асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Былтырғы жылы ауылдық шағын несие бағдарламасы бойынша қор тарапынан 3 млрд 143,8 млн жалпы соманың 3 мың 732 шағын несиесі берілді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2005 жылдан бастап қожалық шаруашылықтар мен ауыл тұрғындарына 17,9 млрд теңге жалпы соманы құрайтын 66 мың 662 шағын несие берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны