14.01.2013, 14:37 3623

2012 жылы Қазақстанда өндірілген мұнай көлемі 1,9 пайызға кеміген

2012 жылы Қазақстанда 66 млн 461 мың 500 тонна шикі мұнай мен 12 млн 749 мың 200 тонна газ конденсаты өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9% және 3,7% артық.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қазақстанда өндірілген мұнай көлемі 1,9 пайызға кеміген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанда 66 млн 461 мың 500 тонна шикі мұнай мен 12 млн 749 мың 200 тонна газ конденсаты өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9% және 3,7% артық.

Мемлекеттік статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, аталған уақыт аралығында елімізде 40 млрд 261 млн 300 мың текше метр табиғи газ өндірілген (1,8% артық).

Соның ішінде газ түріндегі табиғи отын көлемі 20 млрд 310 млн текше метр (5,2% артық), мұнайдан алынатын ілеспе газ көлемі 19 млрд 780 млн 1 мың текше метрді құрады (2,1% артық).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны