13.08.2012, 15:37 2792

2013 жылдан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданылуы тоқтатылады

ҚР Ұлтық банкі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиялары бар ұйымдармен эмитенттер жасасқан, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданылуы тоқтатылатынын хабарлайды.

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - 2013 жылдан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданылуы тоқтатылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ұлтық банкі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиялары бар ұйымдармен эмитенттер жасасқан, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттардың қолданылуы тоқтатылатынын хабарлайды. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына сәйкес, "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттардың берілуін жүзеге асыруға міндетті. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-өткізу процесінде Бірыңғай тіркеушінің, тіркеушілердің және эмитенттердің іс-әрекетін реттейтін рәсімдер ҚР Ұлттық банкі басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие ұйымдардың бірыңғай тіркеушіге эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы" 24 ақпандағы № 53 қаулысында айқындалған. Нормативтік құқықтық актіге сәйкес эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдері жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды тіркеушілердің Бірыңғай тіркеушіге беруі Бірыңғай тіркеуші бекіткен және уәкілетті органмен келісілген мәліметтер мен құжаттарды қабылдау-өткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бағалы қағаздар эмитенті кестеде көзделген мерзімдер басталғанға дейін кез келген уақытта Бірыңғай тіркеушінің қызмет көрсетуіне өтуге құқылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны