15.05.2013, 12:57 17425

2013 жылдың І тоқсанында ЖІӨ өсуі 4,6%-ды құрады

"Жалпы ішкі өнім көлемі, жедел мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-наурызына ағымдағы бағаларда 6601 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты ЖІӨ 4,6%-ға өсті", - деді И.Смайылов.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында ЖІӨ 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің басшысы Илихан Смайылов мәлім етті.

"Жалпы ішкі өнім көлемі, жедел мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-наурызына ағымдағы бағаларда 6601 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты ЖІӨ 4,6%-ға өсті", - деді И.Смайылов.

Сонымен қатар, ол ЖІӨ құрылымында тауар шығару үлесі - 40,4%, қызметтер- 52% құрағанын атап өтті.

Статистика агенттігінің мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-сәуірінде 2012 жылдың қаңтар-сәуіріне 103,9%-ды құрады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да көрсеткіштерге қатысты 2013 жылдың қаңтар-сәуірінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5925,7 млрд теңгеге жетті, бұл 2012 жылдағы сәйкес мерзімнен 1,9%-ға артық.

Өз кезегінде ауыл шаруашылықтың ЖІӨ көлемі 2013 жылдың наурызында 286,3 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 1% артық, еліміздегі жүк айналымы көлемі бұрыңғы деңгейінде қалды, осылайша, оның көрсеткіштері 145,9 млрд теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны