06.01.2014, 21:54 3096

2013 жылдың желтоқсанында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 191 теңгені құрады - Статагенттік

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылдың желтоқсанында 17 191 теңгені құрады, деп Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылдың желтоқсанында 17 191 теңгені құрады, деп Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 1%, 2012 жылғы желтоқсанмен - 3%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,6%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,9%, жемістер мен көкөністерді - 9,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,1%-ды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны