24.02.2014, 18:41 14385

2013 жылы 265,5 мың га жерге су үнемдеуші технология орнатылды

Жалпы, 2013 жылы облыс бойынша аграрлық секторды дамыту үшін 9,2 млрд. теңге бағытталды.

Алматы. 24 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы 265,5 мың га жерге су үнемдеуші технология орнатылды 2013 жылы дәнді-дақылдар өндірісінде 265,5 мың га жерге ылғалүнемдеуші технология орнатылды.

"2013 жылы дәнді-дақылдар өндірісінде 265,5 мың га жерге ылғалүнемдеуші технология орнатылса, тамшылатып суару 112,2 га қойылды. Ағымдағы жылы мұндай жұмыстарды өсімдік пен дәнді-дақылдарды және көкеністі жабық жерде өсіру саласында ылғал үнемдеуші және тамшылатып суару технологияларын орнату жұмыстары жалғасады", - деп облыс әкімдігенен хабарлады.

Оның үстіне, Мемлекет басшысының қаулысымен аймақта егін алқаптарын диверсификациялау жүріп жатыр. Сонымен, 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда бидайдың үлесі 15,4% азайтылып, мал азығын өсіру 25,2% ұлғайтылды.

Жалпы, 2013 жылы облыс бойынша аграрлық секторды дамыту үшін 9,2 млрд. теңге бағытталды.

Ауылшаруашылығы дәнді-дақылдарын өңдеу агротехникасының жақсарғанының арқасында 2013 жылы бидай өндірісі - 2,2 есе, майлыдәндер - 2,8 есе артты. Сонымен қатар, 2012 жылмен салыстыратын болсақ, дәнді-дақылдар - 1,9 есе, картоп - 1,5 есе, көкеністер - 1,2 есе көбейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны