09.01.2014, 20:05 2972

2013 жылы Ақмола облысында күнбағыс егістігінің көлемі үштен бірге артты

2013 жылы Ақмола облысында күнбағыс егістігі көлемі 251,3 мың гектарды құрады, деп облыс әкімді ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы Ақмола облысында күнбағыс егістігі көлемі 251,3 мың гектарды құрады, деп облыс әкімді ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісі Аманбек Қалжановқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Облыста ауыл шаруашылығы егістігін әртараптандыру аясында 2013 жылы облыстағы күнбағыс егістігі 2012 жылғы көрсеткішке қарағанда 32 пайызға артып, 251,3 мың гектарды құрады", - деп мәлімдеді өңірдегі ауыл шаруашылықты дамыту кеңесінде басқарма жетекшісі Аманбек Қалжанов.

Сонымен қатар, жем-шөп егістігі де өткен 2013 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 50 пайызға көбейіп, 207,5 мың гектарға жеткен.

Жиында облыс әкімі аталмыш екі шаруашылық көлемін әлде де көбейте түсуді тапсырды.

Жиында көтерілген мәселенің тағы бірі ескірген ауыл шаруашылығы техникалары. Қазіргі кезде облыста 9 мың астық жинау комбайны болса, оның 40 пайызының әбден тозығы жеткен.

Жалпы, "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында мемлекет 2013 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға 9,3 млрд теңге бөлді. Соның ішінде егістік субсидиясына 6,2 млрд теңге бөлінсе, 3,1 млрд теңге мал шаруашылығына бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны